Қарағанды облысында ауруханалар мен емханалар директорларының білімі тексерілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасынан

Қарағанды облысында ауруханалар мен емханалар директорларының білімі тексерілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасынан

Қарағандыда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тестілеу өтті. медициналық ұйымдардың бірінші жетекшілері емтихандар тапсырды. 33 минутта олар: жаңа модель Қарағанды облысында қалай іске асырылады, тегін медициналық қызметтер тізіміне нелер енеді және әлеуметтік сақтандыру қорында ешқандай да төлемдер жасалмаған азаматқа қандай көмек көрсетіледі, деген сұрақтарға жауап берулері керек болды.
Тесттер МӘМС енгізу бойынша қарағандылық штабта даярланды. Онда 40 сұрақ, тіпті кейбір тапсырмаларда бірнеше дұрыс жауаптар болды, сондықтан денсаулық сақтау менеджерларынан бірінші кезекте сақ болу талап етілді. Емтихан алдында қатысушылардан ұялы телефондар жинап алынды, ал тесттер бейнебақылау арқылы жүргізілді.
Білімді бағалаудың орташа нәтижесі - 70%. Көшбасшылар үштігіне «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының», №4 емхана мен АМСК МО-ның жетекшілері енді. Олар ең жоғарғы баллдарды жинаған.
- Қобалжу болды, өзімді бір мектепке немесе университетке қайта оралғандай сезіндім, - дейді АМСК МО директоры Татьяна Баширова, - Біз оқуды мамыр айында бастадық, сол кезде Қарағанды облысы алғашқылардың бірі болып ММСЖ енгізетіндігі белгілі болды. Бұл тақырыпты мен жақсы білемін, алайда кейбір сенімдіздік болды, себебі, бұл өте жауапты іс қой. Жоғарғы баллды жинағанымды білгенде қатты қуандым.
Тестілеу қорытындысы бойынша барлық медициналық ұйымдардың жетекшілері 5-баллдық жүйе бойынша бағалар алды. 3 балл алғандар жақынарада тестті қайта тапсыратын болады.
Қарағанды облысының барлық медициналық қызметкерлері – дәрігелерден бастап орта және кіші персоналға дейін осындай тесттен өтетін болады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) мен медициналық көмек пакеті Елбасының 2018 жылдың 10-шы қаңтарындағы халыққа жолдауындағы тапсырмасымен даярланды. Ол 2020-шы жылдың қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.
Денсаулық сақтауда үш деңгейлі медициналық қамсыздандыру жүйесі енгізілетін болады. Бірінші деңгейі ҚР барлық азаматтарына, оралмандарға және тұрақты түрде тұратын шетелдіктерге арналған мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл пакетке тіркелу орны бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек, әлеуметтік маңызды ауруларда және негізгі созылмалы ауруларда толық медициналық көмек спектры, оған қоса дәрілік қамсыздандыру кіреді.
Екінші деңгей – сақтандырылған халық үшін МӘМС пакеті, мұнда ТМККК қоса мына қызметтер қосылады: консультациялық, диагностикалық, жоспарлы стационарлық көмек пен ауру түрлері бойынша тегін дәрімен қамту, стационарды алмастыратын көмек және қалпына келтіру мен емді қайта жүргізу.
Үшінші деңгей – бұл ТМККК және МӘМС пакеттеріне кірмейтін медициналық қымет түрлері. Олар ақылы түрде немесе ерікті медициналық сақтандыру есебінен жүргізіледі.
Денсаулық сақтау жүйесін үш деңгейлі жүйеге ауыстыру арқылы мемлекет міндеті мен министрлік, МӘМС Қоры және жекеменшік сақтандыру компаниялары арасындағы медициналық көмек көрсету бойынша жауапкершілік бөлініп, белгілі бір шектеулер анықталады, бұл өз кезегінде бюджет қаржысын үнемдеуге ықпал етеді, осылайша денсаулық сақтау бағытындағы әлеуметтік маңызды бағыттарға қаржы көбірек бөлінеді, және де бүгінгі күні денсаулық сақтау саласында пайда болған қаржы жетіспеушілігін қалпына келтіруге көмектеседі.