«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургтері өз кәсіби мерекелерін апта бойы тойлайды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургтері өз кәсіби мерекелерін апта бойы тойлайды

Көп жылдық дәстүр бойынша Металлург күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар бағдарламасы қанық болмақ. Биыл мерекелік іс-шаралар әдеттегідей, бір күнге емес, бір аптаға жоспарланған. Металлургтердің кәсіби мерекесіне арналған іс-шаралар легі 21-27 шілде аралығында өткізілетін болады.
21 шілде күні «Восток» саябағында металлургтер қаласы шеберлерінің жәрмеңкесі өтетін болады. Барлық ниет білдірушілер Металлург күніне арналған осы креативті жәрмеңкеге қатыса алады. Шара аяғы сағат 19.00-де басталатын қаланың жергілікті шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін мерекелік концертіне ұласатын болады.
23 шілдеде ескі қала саябағында асфальтта сурет салудан «Әрқашан домна болсын!» атты байқауы ұйымдастырылады. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды сыйлықтар күтеді! «Теміртау жастар клубы» қоғамдық бірлестігінің еріктілері балаларға арнап ойын-сауық дайындайды. Аталмыш шара сағат 19.00-де қала тұрғындары үшін ұйымдастырылған музыкалық-ойын-сауық бағдарламасымен жалғасады.
24 шілде күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатының орталық кіре-берісінде «Та заводская проходная, что в люди вывела меня...» атты мерекелік шарасы өтеді. 60 өндіріс озаттарының қатысуымен «Даңқ аллеясы-2019» салтанатты ашылуы өтеді. Мерекелік іс-шарада қаланың шығармашылық ұжымдары мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көркемөнерпаз ұжымдары өнер көрсетеді.
25 шілдеде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында қызметкерлерінің балалары мен әйелдеріне арналған «Әкемнің жұмысына!» атты өндірістік экскурсиялар ұйымдастырылады. Қатысуға ниет білдірушілердің аты-жөнін, байланыс нөмірін және комбинатта жұмыс істейтін отбасы мүшесінің деректерін көрсете отырып, + 7 771 053 05 06 телефон нөміріне өтінім беруге болады. Асығыңыздар, қатысушылар саны шектеулі.
26 шілде күні қалалық мәдениет сарайында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 26 үздік металлургтеріне «Еңбек Даңқы» төсбелгілерін дәстүрлі тапсыру рәсімі өтеді. Аталған іс-шараға Лисаков, Қаражал және Кентөбе компанияларының қызметкерлері де шақырылған.
Бұл іс-шараларды «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Теміртау қаласының әкімдігімен бірлесе отырып дайындаған.
Мерекенің финалы 27 шілде күні сағат 20.00-де «Металлург» стадионында өтеді. Бағдарламада: парашютисттердің секіруі, қаламыздың шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетуі. Кештің ең маңызды оқиғасы Dschinghis Khan тобының концерті болады! Мереке дәстүрлі отшашумен аяқталады.