
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы ENG.speaking club атты жасөспірімдерге арналған ағылшын тілі курсын ашады. Клуб жұмысының басталуы – 16 қараша.
Сабақтар бейресми жағдайда өтеді. Клубтың басты міндеті - сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Мұнда сіз жаңа білім алып қана қоймай, алған біліміңізді пайдалана аласыз. Қызықты және өзекті тақырыптарды талқылау кезінде тыңдау және сөйлеу дағдылары оқытылады. Тілдік кедергіні жеңу өзіңізді сенімді сезінуге және жаңа достар табуға мүмкіндік береді.
Қатысушылардың жасы 13-тен 15 жасқа дейін.
Кездесулер айына 2 рет сейсенбі күндері өткізіледі.
Басталуы 16:30.
Анықтама телефоны: +7-701-667-49-98.