Ерлан Қошанов АӘК мемлекет есебінен пайда тапқысы келгендер емес, шынымен де мұқтаж жандар алуы тиіс екенін еске салды

Ерлан Қошанов АӘК мемлекет есебінен пайда тапқысы келгендер емес, шынымен де мұқтаж жандар алуы тиіс екенін еске салды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың табысын қайта тексеруді тапсырды. Қазір өңірде әлеуметтік төлемдер алу үшін өз табыстарын жасырған адамдарды анықтауға көмектесетін мобильді топ жұмысын аяқтауда. Облыста осындай отбасылар табылды.
- Аулаларды аралау нәтижелері бойынша 199 отбасы үшін АӘК төлемдерін тоқтату туралы шешім қабылданды. 17 отбасы заңсыз алынған қаражатты өз еркімен өтейді. Қазір қалғандармен учаскелік комиссиялар жұмыс істеуде. Бұл қаражат сот арқылы өндіріп алынады, - деп түсіндірді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.
Өңірде барлығы 9 355 отбасы әлеуметтік төлемдер алады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4 есеге артты. Ал бюджет қаражатының шығындары 6 есе өсті.
- Атаулы әлеуметтік көмекке шын мәнінде мұқтаж адамдарға арналған нақты және айқын қолдау көрсететін тетіктерін орнату қажет. Көмек атаулы болу керек, әрқайсысымен жұмыс істелуі тиіс. Масылдыққа жол беруге болмайды! Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактілері үшін қатаң жазаланатын болады. Қалалар мен аудандардың әкімдері ол үшін жауапты болады. АӘК есептеу заңдылығын жеке бақылауға алу керек, - деп тапсырды Ерлан Қошанов.