Қарағанды облысындағы әрбір денсаулық сақтау ұйымында науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі жұмыс істейді. Олар 2014 жылы денсаулық сақтау саласында адам құқықтарын қорғау мақсатында құрылды. Мамандар науқастарға сапалы қызмет пен медициналық көмек көрсетудегі бұзақылықтарды анықтаумен айналысады. Қолдау қызметінің көмегіне сұрақтары, ұсыныстары немесе қандай да бір мәселелері бар кез келген адам жүгіне алады. Анонимді шағымдар қаралмайды - маманға өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді, байланыс телефоныңызды көрсетумен нақты мәселені баяндап беруіңіз керек. "Жедел желіге" накқастың өзі немесе оның заңды өкілі қоңырау шала алады.
Қандай жағдайларда науқастарды қолдау қызметіне жүгінуге болады.
Егер сіздің:
-көрсетілген медициналық көмекке көңіліңіз толмаса
-медициналық қызметкер дөрекі қылық көрсетсе
-кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында медициналық қызметтер үшін ақша талап етілсе
-егер сізге кеңес қажет болса.
2019-да жылдың 18-ші қыркүйегіндегі ҚР # 193-IV "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы (2019 жылдың 19 сәуіріндегі өзгертулер мен толықтыруларға сай) Кодекс.
58 бап. Медициналық қызметтер сапасына сараптама жасау.
Ішкі сараптама жасау үшін медициналық ұйымда науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылады. Аталмыш қызмет құрылымы мен құрамы көрсетілетін медициналық қызмет көлеміне сай ұйым жетекшісімен бекітіледі.
Науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі көрсетілетін медициналық көмектерді, медициналық ұйымның клиникалық қызметін, медициналық көмектерге көрсетудегі жіберілген тәртіп бұзушылықтарды саралап, емделіп жатқан накқастың өтінішін бес жұмыс күні ішінде қарауды қадағалайды. Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша ішкі бақылау қызметі анықталған олқылықтарды ретке келтіру үшін медициналық ұйым жетекшісіне ұсыныстарды жібереді.