Қарағандылықтарға поляк кинематографтарының фильмдері көрсетіледі

Қарағандылықтарға поляк кинематографтарының фильмдері көрсетіледі

Қарағандыдағы «Сарыжайлау» кинотеатрында «Висла» польша киносының төртінші фестивалі өтуде. Шара 14 қарашаға дейін жалғасады.

Бірінші күні, 9 қарашада кинотеатрға келушілерге режиссер Мариуш Вильчинскидің «Мұны өлтіріп, қаладан кет» анимациялық фильмі ұсынылды.

Фестиваль барысында кино сүйер қауымға режиссер Мацей Пепшицаның «Икар. Метек Коштың аңызы» биографиялық драмасы, режиссер Петро Домалевскидің «Бұл жерден барынша алыстау» драмасы, Петр Адамскидің «Eastern» драмасы, сондай-ақ Мунк студиясының қысқа метражды фильмдер блогы: «Re-cycle», «Home sweet home», «Ундина» мультфильмдерді және «Марцель» драмалары және «Маусымның соңы» деректі фильмі көрсетіледі.

Фестиваль 14 қарашада «Мен осындамын», «Душенька», «Әйел портреті», «Осындай әдемі қала», «Тістеу» драмасы, «Жусан», «Тасбақа үңгірі» және «Гало эффект» деректі фильмдерінен тұратын «Висле бойынша Лодзиде» атты тағы бір қысқа метражды фильммен аяқталады.

Жұмыс күндері фильмдердің көрсетілімі 18:10-да, ал демалыс күндері 12:00-де басталады. Кіру тегін.