Нұр-Сұлтан қаласында бокс бойынша ҚР Президентінің Кубогі өтті. Аталмыш ауқымды халықаралық турнирде қарағандылық спортшылар ерекше өнер көрсете білді. Жерлесіміз Абылайхан Жүсіпов алтын медаль ұтып алса, Айжан Қожабекова күміс жүлде иегері атанды.
Қазақстан астанасында Қытай, Филиппин, Тәжікстан, Сирия, Өзбекстан, Үнді, Алжир, Ресей, Болгария, Қырғызстан, Моңғолия және Қазақстаннан келген кіл мықты спортшылар өзара бақ таластырды. Біздің ерлер құрамасының мүшелері доданы қанжығасына 18 медаль іліп аяқтады. Қарағандылық Абылайхан Жүсіповке 69 келі салмақ дәрежесінде тең келер спортшы болған жоқ.
- Турнир тамаша өтті. Жекпе-жектер де керемет болды. Өзін жақсы көрсете алған кім десеңіз? Бірден Абылайхан Жүсіпов деп жауап беремін. Боксшы турнир бойы өзінің жоғары деңгейін көрсете білді. Ақтық сайыста ол өзіміздің жас спротшымыз Талғат Шәйкеновпен кездесті. Мұнда, әрине, Жүсіповтың санаты дегенмен де жоғары болды, - деді olympic.kz-ке берген сұхбатында құраманың бас жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев.
Қазақстанның әйелдер командасы 11 медаль иеленді. Қарағандылық Айжан Қожабекова 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені жеңіп алды.
Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша