Қарағанды кітапханасында балаларға ағылшын тілін тегін үйретеді

Қарағанды кітапханасында балаларға ағылшын тілін тегін үйретеді

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушыларды тегін үйірмеге шақырады. "Көңілді ағылшын" – бұл қозғалмалы және сюжеттік-рөлдік ойындардың көмегімен сөздік қорын толықтыру.

Балалар оқытушымен бірге ән, өлең үйреніп, санамақ және жаңылтпаштар, жұмбақтардың шешуін табуға және ертегілер оқуға қатысады.

Топқа 5 жастан 8 жасқа дейін ағылшын тілін үйренгісі келетін балалар қабылданады.

Сабақтар әр айдың бірінші және үшінші жексенбісінде өтеді. Басталуы 12:00.

Анықтама телефондары: (8-7212) 41-23-25, 41-23-26.