Қарағанды облысы — бұл аумағы бойынша ең үлкен жер және мықты индрустралды орталық. Облыс - Алматы мен Нұр-Сұлтанды жалғастырушы экономикалық, мәдени, ғылыми потенциалдар мен инфрақұрылымдық даму бойынша Қазақстанда жетекші аймақтың бірі. Облыс аумағы Қазақстанның ұсақ шоқылық жерлерінің орталық бөлігін алып жатыр. Шығысында Қарқаралы тауларынан батыстағы Теңгіз өзеніне, солтүстіктегі Есіл өзенімен оңтүстіктегі Шерубай – Нұра су қоймасына дейінгі аралықты, оны қазақтар ежелден ері Сарыарқа деп атап кеткен.
1. Қарқаралы ұлттық табиғи саябағы
Ұлттық саябақтың жалпы алаңы 90323 гектарды құрайды, оның 40341 гектары орман. Аудан аймағында өзен аңғарлары, өткізгіш селдіректер мен өзен шұңқырлары, және де ұсақ шоқылар өте көп.
Ұлттық саябақтың үш бөлімщесі бар: Таулы аумағы (жалпы алаңы – 25576 га); Қарқаралы (жалпы алаңы -23846 га) және Кент (жалпы алаңы – 40901 га).
Қарқаралы-Кент таулы торабы бір бірімен аралас орналасқан бес таулы топтан тұрады: Бұғылы, Шаңкөз, Матен, Айыртау және Кент. Қарқаралы таулары мен Кент алабы ерекше ландшафты асимметрияға ие: оның солтүстік баурайы шығыс және батысқа қарағанда өсімдіктерге және бұлақтарға өте бай. Олар бір-бірінен терең шатқалдармен алшақтанған, тау аралас жартас шоқылармен және шыңдарды құрайтын жоталар мен жатық жазықтықтардан тұрады. Қарақаралы Ұлттық табиғи саябағы туралы толық ақпараттарды төмендегі сілтеме
бойынша кіріп алуға болады.