Қарағандылық ұстаздар Республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Қарағандылық ұстаздар Республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Қарағанды облысының педагогтары "Дарынды балаларға – талантты ұстаз" атты республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен барлығы 102 адам қатысты.

Білім беру жүйесінің жас мамандары арасындағы жарыс 2–4 қараша аралығында Өскеменде №46 орта мектеп базасында өтті. Байқауды "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды және қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және олардың өзін-өзі танытуына бағыттады.

Бірінші кезеңде "Педагогикалық дебют" қатысушылары таныстыру карточкаларын ұсынды және кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, қолданылатын жаңа технологиялар туралы айтты. Екінші турда қалаулары бойынша панорамалық сабақтар немесе "Педагогикалық шеберлік қоймасы" жобасы ұсынылды.

Педагогтар өздерінің жұмыс жүйесінің негізгі идеяларын, кәсіби құзыреттілік деңгейін, технологиялық және коммуникативтік мәдениетін, өткізілетін сабақтың эстетикасын, оқу процесін талдай білу дағдыларын іс жүзінде іске асыруды Ted форматында көрсетті.

Қазылар алқасының мүшелері ретінде жоғары оқу орындарының оқытушылары, жетекші мектеп басшылары және практика педагогтары шақырылды.

Байқау қорытындысы бойынша тоғыз педагог бірінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Олардың арасында Қарағандының "Мұрагер" ММИ математика пәнінің мұғалімі Нұрдәулет Абылай ерекше көзге түсті. Екінші дәрежелі дипломдар 17 қатысушыға, соның ішінде Қарағанды НЗМ педагог-кураторы Елігай Ошановаға берілді. Үшінші дәрежелі дипломдармен 25 қатысушы марапатталды. Олардың екеуі Қарағанды облысынан. Олар: Құралай Асанбаева мен Әнел Әлиасқарова, олар Жезқазған қаласының №8 мектеп-гимназиясының және Қарағандының №27 ОМ атынан қатысты.

– Жас оқытушылар үшін ең күрделісі алғашқы жұмыс жылдары. Олар белгілі бір қиындықтарға тап болады. Өз резервтерін шебер пайдалану, балалармен байланыс орнату және үнемі өз бетінше білім алумен айналысу маңызды, – дейді Елігай Ошанова. – Педагогикалық олимпиадаға қатысу пайдалы. Мен әр түрлі саладағы әріптестеріммен таныстым және көптеген жаңа нәрселерді білдім.

Сондай-ақ, жарысқа қатысушылар түрлі номинациялар бойынша арнайы грамоталарға ие болды. Оларды 20-дан астам адам алды, оның ішінде Шет ауданының Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінен Нұргүл Жәкен де бар.