Қарағандылық жедел жәрдем бригадасы республикалық жарыста 5-ші орынға ие болды

Қарағандылық жедел жәрдем бригадасы республикалық жарыста 5-ші орынға ие болды

Жедел медициналық көмек бригадаларының және қабылдау бөлімшелерінің IV республикалық жарыстарында Қарағанды облысының командасы 5-ші орын иеленді. Байқау 22-23 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Балқарағай» демалыс аймағында өтті.
Жарысқа еліміздің 17 аймағынан қатысушылар жиналды. Екі күн аралығында олар түрлі сынақтардан өтті. Әрбір тапсырма үшін нақты жағдайларға барынша жақын 5 клиникалық станция дайындалды. Қазылар алқасы мен емтихан алушылар жедел медициналық көмек бригадаларының және стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің жұмысын бағалады.
- Жарыс біздің тікелей және маңызды профильдер бойынша өтті. Олардың қатарында босану, жарақаттар, шок және жіті коронарлық синдром бар. Сонымен қатар қатысушылардың теориялық білімдері бағаланды. Мұндай байқаулар, бірінші кезекте, үлкен тәжірибе алуға және білім алмасуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары Юрий Бокач.
Соңғы 2 жылда жедел жәрдем жүйесінде түрлі оқыту бағдарламалары жүзеге асырылуда. Соның бірі - қызметкерлерді «Basic Life support» базалық стандарттарына оқыту. Аталмыш шаралардың нәтижесінде реанимация әрекеттерінің сәтті өту пайызы айтарлықтай өсті. Ең бастысы, бұл әркеттер дер кезінде көмек көрсетуге және науқастардың өмірін құтқаруға мүмкіндік береді.