Қостанай облысындағы Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген көрнекті орындар туралы

Қостанай облысындағы Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген көрнекті орындар туралы

1. Кейкі батыр кесенесі
2017 жылы Амангелді ауданының Тасты ауылында Кейкі батыр кесенесі салынды. Бұл жерде батырдың сүйегі жерленген. Кесене айшық орнатылған күмбезі бар биіктігі он бес метр ғимарат ретінде салынған. Мазардың ішінде құлпытас ескерткіші және батырдың портреттері мен үш тілдегі мәтіні бар екі мемориалдық тақта бар.
Халық арасында Кейкі батыр ретінде танымал Нұрмағамбет Көкембаев 1871 жылы Қостанай облысының Байтұма шатқалында дүниеге келген. Батыр Орта жүздің қыпшақ тайпасынан шыққан.
«Кейкі» - аңшы деген мағынаны білдіреді. Батырды аңшылық ерекше өмір салтын ұстанғаны үшін кейкі деп атап кеткен. Ол әртүрлі қаруларды шебер меңгерген және мерген болған. Амангелді Иманов пен Әбдіғаппар хан ұлт-азаттық қозғалысы кезінде батыр үздік мергендер тобын басқарды.
Амангелді Иманов қайтыс болғаннан кейін, Кейкі батыр өзінің жақын серіктерімен Ұлытау және Қызылқұм тауларында бой тасалаған, 1923 жылға дейін антисовет күресін жүргізген. Сол жылы ол қызыл әскерлердің қоршауына түсіп, ұзақ шайқастың нәтижесінде қаза тапты.
Батырдың шабылған басын оның өлімінің дәлелі ретінде, алдымен Орынбор қаласына, кейін Санкт-Петербургке жіберді,одан кейін оны Кунсткамер ретінде танымал Антропология және этнография мұражайына берген.
Тек 2016 жылы Кейкі батырдың сүйектері Қазақстанға қайтарылды. Аты аңызға айналған батырдың келбетін қалпына келтірумен венгер антропологтары айналысты.