Қазгидромет Қарағандыда түтін пайда болуының себебін түсіндірді

Қазгидромет Қарағандыда түтін пайда болуының себебін түсіндірді

Мамандардың айтуынша, Қарағандыда пайда болған түтін Сібірде болған орман өрттерінің салдары. Ондағы өрт болып жатқан аумақтың ауданы 2 млн гектардан асып кеткен екен.
Дәл осындай жағдай СҚО, Ақмола және Павлодар облыстарында да байқалады.
Соңғы бірнеше күнде, мамандардың айтуынша, Қарағандыда ластаушы заттар бойынша шекті ұйғарынды концентрациядан асу деректері тіркелмеген. Сондай-ақ Қарағанды облысында жоғары және экстремалды ластану жайттары да байқалмаған.
Ауаның ластану деңгейін бақылайтын бекеттер шаттық режимде тәулік бойы жұмыс істеуде.