
Дүйсенбі, 8 қарашада Қазақстанда халық санағы аясында бақылау тексерісі аяқталды. Қазіргі уақытта Ұлттық статистика бюросы деректерді өңдеуге кірісті.
Негізгі кезең мен бақылау айналысының қорытындысы бойынша сауалнамамен 19,6 миллионнан астам респондент қамтылды.
Алғаш рет сауалнама кезінде қағаз тасымалдағыштар толығымен алынып тасталды. Қазақстандықтарға, e-Gov порталы және Aitu мобильді қосымшасы арқылы авторизациядан өтіп, sanaq.gov.kz арнайы сайтында сауалнама толтыру мүмкіндігі берілді. Респонденттердің 42%-дан астамы онлайн-санақ функциясын пайдаланды. Сұхбат алушылар планшеттерді қолданды.
Ауқымды іс-шараның алдын ала қорытындылары 2021 жылғы желтоқсанда жарияланатын болады.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша