Қарағандылық оқушылар "Менің шағын Отаным" республикалық байқауының қола жүлдегері атанды

Қарағандылық оқушылар "Менің шағын Отаным" республикалық байқауының қола жүлдегері атанды

Қарағанды облысының командасы "Менің шағын Отаным" атты жас тарихшылардың республикалық зияткерлік байқауында екі қола медальға ие болды. Биыл ол ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналды.

Байқаудың республикалық кезеңі Алматыда өтті. Оған облыстық турлардың жеңімпаздары – 9–10 сыныптардың 84 оқушысы қатысты.

Зияткерлік жарыстар екі кезеңде өткізілді:

Қазақстан тарихы мәселелері бойынша 1-ші тестілеу;

2-ші төрт номинациядан құралды:

1) "Менің шағын отанымның тарихы" бейне репортажы;

2) "Шағын Отан символы" бейнеролигі;

3) "Менің шағын Отанымның болашағы" тақырыбына шығармашылық жұмыстарды (макеттерді) онлайн-режимде қорғау;

4) өзінің елді мекені туралы "Менің туған өлкем" эссесі.

Байқау қорытындысы бойынша Қарағанды облысының командасы екі қола медальға ие болып, грамота алды.

"Шағын Отан символы" номинациясында үшінші орынды Қарағанды қаласының №97 гимназиясының оқушысы Анастасия Денисенко алды. "Менің шағын Отанымның тарихы" категориясында үшінші орынды Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылының Ж.Сәдуақасов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Еркеназ Елеусізова иеленді. Саран қаласының №17 мектеп-гимназиясының оқушысы Александра Македонская "Менің шағын Отанымның болашағы" номинациясы бойынша Грамотаға ие болды.

– Тарих бойынша республикалық байқауға мен бірінші рет қатыстым. "Шағын Отан символы" номинациясын таңдадым. Шағын Отанымның символын таңдап, мен бірнеше нұсқаны қарастырдым, бірақ Қарағашқа тоқтадым. Бейне орталық саябақта түсірілді. Байқауға дайындалуға менің тарих пәні мұғалімім көмектесті, – деді Анастасия Денисенко.

Жеңімпаздар Білім және ғылым министрлігінің медальдарымен, грамоталарымен және естелік сыйлықтармен, сондай-ақ "Дарын" РҒТО басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.