Қарағандыдан Новокузнецк қаласына баратын жаңа автобус бағыты ашылды

Қарағандыдан Новокузнецк қаласына баратын жаңа автобус бағыты ашылды

Қарағандыдан ресейлік Новокузнецк қаласына (Кемеров облысы) енді тікелей автобус бағытымен жетуге болады. Билеттер сатылымға шықты. Алғашқы рейс 31 шілдеде сапарға аттанады.
Автобус Қарағанды қаласының вокзалынан Новокузнецкке дейін аптасына төрт рет шығып отырады: сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері. Сапарға аттану уақыты: 15.30. Билет құны – 16 400 тенге. Алдын ала есептеулер бойынша, жол жүру уақыты бір тәуліктен асады – шамамен 25 сағат (қашықтық - 1498 шақырым).
Билеттерді алдын ала, сапарға аттанардан 30 күн бұрын автовокзал кассаларынан және терминалдардан немесе интернет арқылы сатып алуға болады. Онлайн брондау және сату тәулік бойы банк карталарымен интернетте, интернет банкинг, qiwi, касса24 терминалдары арқылы жүзеге асырылады.