Қарағандылықтарды таза ауада таңғы жаттығулар жасауға шақырады. Шара 2-ші тамыздан бастап Орталық саябақтың басты сахнасының жанында аптасына үш рет өткізілетін болады.
Барлық тілек білдірушілерге денсаулығын жақсарту үшін дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері белгіленген орынға келулеріне болады. Басталуы сағат 9.00. Жаттығу ұзақтығы 40-45 минут.
Шараға мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасының қызметкерлері бастамашы болып отыр.
Сонымен қатар қаламыздағы "Гигант" фитнес-орталығы ынтымақтастық құруға келісіп, кәсіби жаттықтырушыларының қызметін ұсынбақ.
- Біз Орталық саябақта бос уақытты қызықты өткізгіміз келеді. Таңғы жаттығулар келушілерге денсаулықты нығайтуға ғана емес, сонымен қатар жаңа адамдармен танысуға көмектеседі, - дейді саябақтар басқармасының директоры Мәдина Әшірова.
Жаттығуларды Анна Рашидова, Александра Филипас, Ольга Кучма, Кира Шефер, Екатерина Бойко, Галина Мұхаметжанова өткізеді. Кәсіби мамандардың басшылығымен қатысушылар бұлшық еттің түрлі топтарына арналған функционалдық жаттығуларды орындайды. Әрбір жаттығудың соңында-би немесе созылу қимылдары жасалады.
Жаттықтырушылар қатысушыларға сабақ кезінде бас айналмауы үшін жаттығу басталғанға дейін бір сағат бұрын таңғы ас ішу керектігін ескертеді.