Фото оқиғалар: Көрмеде Қарағанды өмірінің бір күні көрсетілетін болады

Фото оқиғалар: Көрмеде Қарағанды өмірінің бір күні көрсетілетін болады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында жұма, 2 тамыз күні «Қала өмірінің бір күні» атты фотокөрме ашылады. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып, Қарағандының 85 жылдығына арналған.
Шараны Қарағанды әкімдігі, ішкі саясат бөлімі және Қарағанды облысының кәсіпкерлер Қауымдастырығ ұйымдастырды. Фотокөрме жыл сайынғы «Біз – Қарағандылықтармыз» фестивалінің бір бөлігі болады.
Белгілі сегіз фотошеберлер бір уақытта қарағандылықтардың қарапайым өмірінің бір күнін байнелейді. Түсірілім 2019 жылдың 5 шілдесінде өтті.
- Бұл идея бұрыннан пайда болған. 1987 жылы жоба туралы «Советское фото» журналынан оқыдым, ол түрлі елдердегі адамдардың бір күндік өмірін көрсеткен еді. Содан бері біздің қалада осындай жоба ұйымдастырсақ жақсы болар еді деп ойладым. Ақырында ойымыз сәтті жүзеге асырылып отыр, міне. Идеяны әріптестерім, қалалық билік пен кәсіпкерлер қауымдастығы қолдады, - дейді жобаның бастамашысы Болат Аймағамбетов.
Көрмеде қаланың түрлі жерлерінде: ауруханада, өрт сөндіру бөлімінде, Неке сарайында, мешіттерде және ғибадатханаларда, автобустарда, саябақтарда және көшелерде, спорт алаңдарында түсірілген 85 фотосурет ұсынылады. Авторлардың қатарында: TEFAEurasiaphoto шығармашылық бірлестігінің өкілдері - фотосуретші Юрий Варыгин, National Geographic Qazaqstan фотографы Дмитрий Ругис және қаланың басқа да фотошеберлері бар.
«Қала өмірінің бір күні» фотокөрмесінің ашылуы 2 тамызда сағат 16.00-де Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында өтеді. Ол 12-ші тамызға дейін жалғасады.