"Даму" Қорында кепілдік беру шарттарына қол қою процесі автоматтандырылды

"Даму" Қорында кепілдік беру шарттарына қол қою процесі автоматтандырылды

ШОБ өкілдері, банк және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ арасында кепілдік шарттарына қол қою ЭЦҚ арқылы онлайн түрде қолжетімді.

– Микро, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мүмкіндігінше қолжетімді, ыңғайлы және жылдам болуға тырысады. Ол үшін барлық бизнес процестер цифрландырылады және автоматтандырылады. Бұл процедураны ашық етуге, физикалық байланыстарды азайтуға, ең алдымен шалғай өңірлерде бизнес-жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер үшін уақытты оңтайландыруға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді "Даму" КДҚ" АҚ Қарағанды филиалының директоры Гүлнәр Сүйіндікова.

"Даму" Қорында онлайн өтінімдерді беру процесі 2016 жылы енгізілді және кәсіпкердің жеке кабинетте алатын мәртебесінің арқасында ашықтықты қамтамасыз етеді. 2019 жылдан бастап ЭЦҚ қолдану арқылы субсидиялау шарттарына қол қою жүзеге асырылуда, бұл тараптардың шарттарға қол қою мерзімдерін бір жұмыс күніне дейін жеңілдетуге және жеделдетуге мүмкіндік берді.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Қарағанды филиалының ақпараты бойынша