Қарағанды қаласы әкімінің жастар сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды қаласы әкімінің жастар сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды қаласы әкімінің "Nur Qadam – 2021" жастар сыйлығының конкурсына құжаттар қабылдау басталды. Сыйлық ғылыми, шығармашылық, спорт, кәсіби және қоғамдық салалардағы жоғары көрсеткіштері үшін беріледі.

Оған 14–29 жас аралығындағы қарағандылықтар қатыса алады. Барлығы бес номинация қарастырылған: "Жылдың жас еріктісі", "Жылдың жас педагогы", "Жылдың жас спортшысы", "Жылдың жас дәрігері" және "Жылдың жас жұмысшысы".

Жеңімпаздар дипломдар мен 300 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болады.

Өтінімдер 2021 жылғы 20 қараша 19:00-ге дейін мына электрондық мекенжайға қабылданады: nurqadam2021@gmail.com.

Байқау ережесі мен өтінім үлгісі Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының Instagram әлеуметтік парақшасында – @qaragandy_jastary.

Анықтама телефоны: + 7-771-288-96-95 (WhatsApp).