Зардап шеккендер туралы ақпарат

Зардап шеккендер туралы ақпарат

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында ТЖ кезінде зардап шеккен екі үңгілеушінің жағдайы туралы белгілі болды. Олар профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

«7 қарашада медициналық мекемеге 1960 және 1963 жылы туылған шахтаның екі қызметкері түсті. Екі науқаста да шахталық газдармен, оның ішінде метанмен және улы газбен жіті улану бар. Диагноз – «токсикогипоксикалық энцефалопатия». Науқастар жан сақтау бөлімінде. Клиника дәрігерлері барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде», – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасынан.