
Қарағандыда облыстық соттың жаңа ғимараты салынуда. Жобаны жүзеге асыру екі жыл бұрын басталған болатын. Биыл құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Жылдың екінші жартысында судьялар қоныс тойын тойлайды деп жоспарлануда.
Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов және қала әкімі Нұрлан Әубәкіров мердігерлермен техникалық жиналыс өткізді. Нысанды аралау кезінде аумақты абаттандыру, кірме жолдарды ұйымдастыру және көлік қою мәселелері талқыланды.
Әділ сот сарайы заманауи талаптарды ескере отырып жобаланған. Бұл әкімшілік, қылмыстық және азаматтық корпустардың үш жеке ғимаратынан тұратын кешен болады. Ғимараттың жалпы ауданы - 13 мың ш. м.
Судьяларға заманауи техника, келушілерге қолайлы жағдай жасалады деп күтілуде. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін нысанның қолжетімділігі қарастырылған. Ұйымдастыру техникасымен жабдықталған заманауи және ыңғайлы күту залы құрылады. Сот процесстерін өткізуге арналған залдар кең болады.
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша