
«Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы автокөлік иелеріне арналған «Көлігіңді онлайн тіркеп, ұтып ал жаңа дөңгелек» байқауын өткізеді. Ұтыс ойнының шарты бойынша тамыз айы бойы көлігін egov.kz электрондық үкімет порталында тркеген барлық көлік иелері автоматты түрде қатысушы бола алады. Байқау жеңімпазына жаңа дөңгелектерді алуға мүмкіндік беретін сертификат табысталады. Байқаудың негізгі мақсаты - автокөлік иелері үшін онлайн қызметтерді көпшілікке тарату және азаматтарды өз бетінше алуға ынталандыру.
Байқау 1-31 тамыз аралығында өтеді. Ұтысқа қатысушылардың тізімі жеке сәйкестендіру нөмірлерінен тұрады, жеңімпаздар кездейсоқ таңдау бойынша анықталатын болады. Ұтыс 1 қыркүйек күні сағат 15.00-де мемлекеттік корпорацияның инстаграмдағы @gov4c.kz парақшасында жүргізіледі.
Байқау жеңімпазына жаңа дөңгелектер алуға мүмкіндік беретін сертификат беріледі. Жеңімпаз оларды қалауынша көлігінің маркасына сай қылып ала алады. Одан бөлек, жұбаныш сыйлықтары да ойнатылады. Ұтысқа қатысушылар сақтандыру полисін, көлік жуу орталығына абонемент, бейнетіркеуіш, май ауыстыру, жанармайдың толық багын ұтып ала алады.
Айта кетейік, автокөлікті қайта тіркеу үшін көлік иелерінің электронды цифрлық қолтаңбасы болу керек. Жыл басынан бері елімізде 26 мың көлік онлайн тәсілмен рәсімделген.
«Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі