Қарқаралыда полицейлер мемориал мен мұражай ашты

Қарқаралыда полицейлер мемориал мен мұражай ашты

Қарағанды облысында тоғызыншы рет ішкі істер органдарының тәлімгерлер мен жас қызметкерлерінің слёті өтті. Биылғы жылы ол Қарқаралы уездік млициясының жүз жылдығы мерейтойлық датасына орайластырылды.
- Шараның басты мақсаты – жас құрамға ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдына қойылған міндеттерді түсіндіру, сондай-ақ патриоттық және өнегелі тәрбие беру болып табылады. Бүгінгі ұрпақ тарихымызды білулері тиіс, - деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайыркен Әлиев.
Слёт шеңберінде қаза болған қызметкерлерді еске алу мемориалының ашылу салтанаты өтті. Сонымен қатар мұнда Қарқаралы уездік милициясының тарихынан сыр шертетін жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайы ашылды. Ұйымдастырушылар жәдігерлерді ауданның түпкір-түпкірінен жинаған. Ал кейбір құжаттар Семейден жеткізілді.
Слёттің планерлық отырысында жастар тәрбиесіне үлес қосқандары үшін ІІБ үздік қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды. Оларға ІІМ таңбасы бар қол сағаттар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар, сондай-ақ «Қарқаралы уездік полициясының 100 жылдығы» мерейтойлық медальдары табыс етілді.
Бағдарламада ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен гала-концерт болды. Мерейтойлық дата құрметіне слётке қатысушылар отшашу атты.
Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша