
Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қарағанды өмірінің бір күні» атты фото көрме ашылды. Бірінші күні экспозицияны тамашалауға келген қарағандылықтар ниет қалдыру кітапшасында өздерінің алғыс сөздерін қалдырды.
2019 жылы 5 шілдеде бір күн аралығында жергілікті фотографтар қарағандылықтардың күнделікті өмірі мен қаланың көрнекті жерлерін: ғимараттар, ескерткіштер, көшелер мен гүлзарларды суретке түсірді. Көрме үшін авторлар туған қаласының 85 жылдығына орай 85 сурет таңдап алды.
Шығармашылық топ Қарағанды қаласының әкімдігі мен Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып, жыл сайынғы «Біз – Қарағандылықтармыз» фестивалінің бір бөлігі болды. Шараға қажетті қаражат қалалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бөлінді.
- Бұл көрме Қарағандының қандай да бір жаһандық көрсетіліміне үміткер емес. Бұл біздің жерлестеріміздің өмірінің бір күні. Мен оны тағы да шоғырландырар едім: егер фотоаппараттың әрбір кадры – бір секундтың алпысыншы үлесі болса, онда бұл көрме бір жарым-екі секундқа жетеді. Бірақ осы сәтте фотографтар көп нәрсені көрсете алды. Олардың көзқарасы мен шеберлігінің арқасында көрермендер қаланың өмірін түрлі қырларынан көрді, - дейді TEFAEurasiaphoto шығармашылық бірлестігінің мүшесі Юрий Варыгин.
Ұйымдастырушылар бірінші көрменің сәтті өткеніне шабыттана отырып, жобаны жыл сайын жасауға ниет білдірді.
- Бұл «Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру. Күнделікті күйбеңмен біз кейде жан жағымыздағы адамдарды байқамаймыз, және таңқаларлық және тамаша орындардың жанынан жүгіріп өтеміз. Бұл суреттер арқылы мен Қарағандыны басқаша көрдім. «Тоқтай тұр мезет, сен неткен ғажапсың!» деп бекер айтылмаған, ғой. Осы көрмені тамашалаған қарағандылықтар туған қаласын одан әрі сүйетініне сенімдімін, - деп атап өтті «Біз – қарағандылықтармыз» жобасының жетекшісі Гүлнар Құрбанбаева. – Мен өз басым осы «Қарағанды өмірінің бір күні» атты көрменің жыл сайын өтетін дәстүрлі шара болуына қуана дауыс берер едім. Оны тақырыптық түрде өзгертуге болады. Айталық, тек балаларды, қарт адамдарды, жекелеген кәсіптегі адамдарды ғана көрсетуге болады. Әр жолы нақты бағытты таңдау қажет.
«Қарағанды өмірінің бір күні» фотокөрмесі Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында (Бұхар жырау даңғылы, 76) 12 тамызға дейін жалғасады.