Қарағандыда Құрбан айт кезінде мал сою орындары анықталды

Қарағандыда Құрбан айт кезінде мал сою орындары анықталды

11-13 тамыз аралығында мұсылмандар Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Қарағандыда мереке кезінде мал сойлатын орындар анықталды.

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, Қарағандыда санитарлық талаптарға сай келетін алаңдар келесі мекенжайлар бойынша орналасқан:
1. Резник к-сі, 18, «Абишев А. О» ЖК;
2. С. Сейфуллин к-сі, 53, «Хасенов К. С.» ЖК;
3. Республика даңғылы, 72/1, «Тұлпар» әмбебап көтерме-бөлшек базары;
4. «Бала қажы» мешітіне қарама-қарсы аумақ - К. Маркс көшесінің қиылысы және Авангардный бұрылысы. «Қайрат» ЖШС.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешіттерінің аумағында тегін тағамдар мен сусындар таратылады, сыйлықтар үйлестіріліп, қайырымдылық жәрмеңкесі өткізіледі. Мерекелік іс-шара ұлттық ойын түрлерінен спорт сайыстары мен мәдени-сауықтыру бағдарламасымен жалғасын табады.
Құрбан айт —-Ораза айт мейрамынан кейін 70 күн өткен соң атап өтілетін құрбандық шалу мейрамы, Зүл-хиджа айының 10-шы күні Исламда пайғамбар болып саналатын Ибрахимнің құрбандық шалу құрметіне тойланатын қажылық аяқталатын Ислам мерекесі. Григориан күнтізбесі бойынша тойлаудың нақты күні әртүрлі елдерде өзгеруі мүмкін.
2019 жылы Құрбан Айт мерекесі 11 тамызда басталады. Жағдайы жақсы, дәулетті мұсылман үшін құрбан шалу міндетті болып табылады. Құрбандыққа түйе, сиыр, қой, ешкі жануарлары шалынады. Құрбан болған жануардың еті үш бөлікке бөлінеді: біреуі — жағдайы төмен, мұқтаж жандарға, екіншісі — көршілеріне таратуға немесе туыстары мен достарына, ал үшіншісі үйде қалады.