Шығыс Қазақстан – Республиканың рухани орталықтарының бірі. Ол бірегей туристік әлеуетке ие. Аймақ табиғаттың бірегей сұлулығымен танымал.
Шығыс Қазақстан облысының киелі жерлерінің картасына 13 нысан енді.
- Мұзтау тауы (Белуха)
Еуразия орталығында, Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан. Әр халықта бұл таудың өзінше атауы бар: алтайлықтар оны Уч-Сумер деп атаса, орыстар - Белуха, ал қазақтар Мұзтау деп атайды. Бұл жердегі энергетиканың ерекшелігі соншалықты, ал үнемі ғалымдардың, ақындардың, суретшілердің, мистиктердің, жазушылар мен туристердің назарын өзіне аударып отырады. Белуха тауындағы демалыс жағымдылығымен және әр түрлілігімен тартымды. Аймақта туристік базалар мен кешендер, үй-жайлар мен қонақ үйлер көптеп орналасқан. Пантты ванналары мен маралоты бар сауықтыру кешені де бар. Белуха тауына экскурсияға альпинистер мен экстрим әуесқойлары ғана емес, сондай-ақ Алтай аймағының мәдени мұрасына, табиғатына және тарихына шомғысы келетін саяхатшылар да қатыса алады. Таулы Алтайдың ең мистикалық бұрыштарының бірі - Ярлу алқабы. Жергілікті ормандардың жарқын реңктері, сирек гүлдер мен үлкен қырлы жартастары кез келген жанды таң қалдырады. Ал Шаман тасының жанында медитациямен айналысатын адамдарды жиі кездестіруге болады.
Мистиктердің тағы бір танымал орны – Ақкем көлі. Айтпақшы, су қоймасының атауын кері оқығанда «Мекка» деп аталады, ол үшін оны жиі көріпкелдік қасиетке ие көл дейді.
- 2. Алакөл көлі
ШҚО-да туризмді дамытудың негізгі нысаны Алакөл көлінің жағалауы болып табылады. Алакөл көлінің арнайы жазғы жолсілтемесі әзірленді, онда демалыс базаларын егжей-тегжейлі сипатталған және пайдалы ақпарат келтірілген жағалаудың картасы орналастырылған. Туристер ағынын және ыңғайлылығын арттыру үшін toureast.kz порталда демалыс базаларын орналастыру орындарын онлайн брондау жүйесі әзірленді және енгізілді, сондай-ақ TOURIST INFO туристік ақпараттық орталығы ашылды.
-
Қоңыр Әулие үңгірі
Семей өңірінің Абай ауданында жергілікті тұрғындар үшін қасиетті және туристер үшін қажылық орнға айналған Қоңыр әулие үңгірі бар. Бұл жерде Абай болып қайтқан және бірнеше рет Мұхтар Әуезов те қонақ болған. Қоңыр әулие үңгірі аңыздармен көмкерілген. Аңыз бойынша, оны алғашқы болып Қоңыр Пайғамбар тапқан. Аңыз бойынша, қазақтың үш пайғамбары жер бетін топан су басқан кезде Нұх пайғамбардың кемесіне отырып үлгермегендіктен үш бөренені кеменің соңына байлап, соның үстінде жүзіп келген. Су деңгейі түсе бастағанда Қоңырдың бөренесі қазіргі үңгір онраласқан Ақтас жотасына ілініп, тоқтаған. Үңгірдің ішінде емдік қасиеттері бар сумен толтырылған тас кесе бар. Су әк дәмі бар кіршіксіз таза және салқын (температура тек 4 градус). Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, бұл ерекше судығ қасиеті туралы олардың арғы ата-бабалары да білген, жоңғарлармен шайқастан соң олар денелеріндегі жараларын емдеу үшін осында келген. Адамдар бұл судың ерекше емдік қасиеттері барына сенеді.
- «Өлімнен де күшті» монументі (Семей)
2001 жылдың 29 тамызында «Полковничье» аралында мүсінші Шота Уәлихановтың «Өлімнен де күшті» атты Семей ядролық полигонының құрбандарын еске алу монументі ашылды. Ол биіктігі 25, ені 10, қалыңдығы 2 метр қара габаритті құлпытас стеласы ретінде орнатылған. Авторлардың ойының арқасында Семей даласының қасіретін апофеозы – Атом саңырауқұлағынан баласын қорғаштап тұрған ананың бейнесін алыстан байқауға болады. Сонымен қатар, ана бейнесі арқылы құрбандық қана емес, өмір үшін күрес және өмірге деген сүйіспеншілік көрсетілген. Адамның бұл қасиеттері, ақыр соңында, зұлымдықты жеңіп, Өмір салтанат құрады – осыдан «Өлімнен де күшті» монументінің атауы пайда болған. Монументтің орталық бөлігін әсем гүлзары, партерлік, биік емес өсімдіктер және радиалды-сақиналы жүйесі жолдары бар кең эспланада (толтырылмаған кеңістік) қоршайды, сондықтан монумент барлық жерде көрінеді. Ескерткіштің екі жағындағы кіреберістерге жақындағанда зұлым күштерден қорғайтын қанатты барыстарды көруге болады. Монументтің басты кіреберісінің оң жағында Қазақстан Картасы мен ядролық сынақтар жүргізілген орындардың белгілері бар көлемі 3-тен 6 метрге дейінгі қабырға тұрғызылуда. Қабырғаның екінші жағында - сәуле ауруы құрбандарының тізімі келтірілген. Сол жақта әдет-салттық ағаш – Гингко (Хиросима және Нагасакидегі ядролық жарылыстан кейін тірі қалған жалғыз өсімдік) орналасқан, онда, халық дәстүрі бойынша, ақ ниетпен байланған ленталар бар.
- «Алаш Арыстары» үйі (Семей)
Екі қабатты үй ХІХ ғасырдың екінші жартысында салынған, ғимараттың бірінші қабаты кірпіштен, ал екінші қабаты ағаштан тұрғызылған.
Үй иесі – Анияр Молдабаев (1856-1934) Шыңғыс болысынан шыққан Абайдың замандасы мен оқушысы. Ол «Абай жолы» романының кейіпкері Данияр Қондыбаевтың прототипі. Үйді А. Молдабаев 1898 жылы Абайдың қаржылай қолдауымен көпес Москвиннен сатып алған.
Қалаға келгенде ақын осы үйде тоқтап отырған, ол үшін екінші қабатта арнайы бөлме бөлінген. Бұл үйге ақынның ұлдары, сондай-ақ Шәкәрім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатаев пен ақынның немерелері қонақ ретінде келіп отырған. Мұхтар Әуезов осы үйді құжаттарда өзінің тұратын жері ретінде көрсеткен. А. Байтұрсынов бұл үйде әйелімен бірге біраз уақыт тұрған. Ә. Бөкейхан, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және басқа да Алаш қайраткерлері осы үйде жиі бас қосқан.
1944-1967 жж.Ұлы ақынға тікелей қатысы болғандықтан, осы үйде Абай мұражайы орналасқан. Осыдан кейін 1988 жылға дейін ғимаратта қалалық балалар кітапханасы болған. Содан кейін мұражай ғимараты Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының балансына берілді , 1995 жылдың тамыз айына дейін ғимаратта уақытша экспозиция орналасқан. 1997 жылдың қыркүйегінде ғимаратта Алаш қозғалысының тарихына арналған Егемен Қазақстан тарихындағы тұңғыш мұражай ашылды. Шыны сөрелерден келушілер сирек кездесетін фотосуреттер мен қозғалыстың қалыптасуы туралы құжаттарды, сол жылдардағы кітаптар мен қолжазбаларды көре алады. Ғимараттың бірінші қабатында ХХ ғасырдың басындағы қалалық үйдің интерьері қалпына келтірілген.
- Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражай-үйі (Семей)
Мұражай 1971 жылы 7 мамырда ашылды. Ол 1838 жылы салынған ағаштан салынған бір жарым қабатты үйде орналасқан. Мұнда Ф. М. Достоевский 1857-1859 жылдары пәтер жалдап тұрған. Мұражай ғимаратының жанында мүсінші Д. Элбакидзе «Ш. Уәлиханов, Ф. Достоевский» монументалды композициясы орнатылған. Бұл ескерткіш терең ойлы және екі тағдырды бейнелейді. Семей қаласындағы Ф. М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы –жазушының жеті мұражайының арасында Ресейден тыс орналасқан жалғыз мұражай. Ф. М. Достоевскийдің Қазақстан жерінде өмір сүрген бес жылы жарқын оқиғаларға толы болды. Мұнда жазушының басқа мәдени-тарихи және ұлттық-діни болмыстарға қызығушылығы пайда болды. Қазақ ағартушысы Шоқан Уәлихановтың ықпалымен ол қызығушылығы одан бетер арта түсті. Олардың достығына әдеби экспозициядағы үлкен бөлім арналған, онда фотосуреттерден, құжаттардан, кітаптардан, иллюстрациялардан басқа, мәскеулік мүсінші Д. Элбакидзенің ақ мәрмәрден жасалған Достоевский мен Уәлихановтың екі мүсіні орнатылған.
- Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени кешені
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені Абай ауданында Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай ашылды. Жоба авторлары – КСРО Сәулетшілер одағының мүшесі, Жапония мен Болгариядағы халықаралық конкурстардың лауреаты Бек Ибраев бастаған сәулетшілердің шығармашылық тобы. Мемориал тұжырымдамасының негізіне қазақтардың дәстүрлі космогоникалық көріністері қабылданды. Ұзындығы 200 метр, ені 65 метр және биіктігі 5 метр Платформа Абай мен Шәкәрімнің екі зиратын біртұтас етіп біріктіреді. Екі қорымның арасындағы қашықтық - 140 метр. Бұл платформа биіктігі бойынша қазақтардың мифологиясындағы әлемнің үш деңгейіне сәйкес келетін үш қабатқа бөлінген. Кесенелердің мұнаралы пішіндері бар, бір-бірінен қасбеттің пластикасымен және күмбездердің аяқталуымен ерекшеленеді. Басты кіреберіс порталы арқылы ұзын дәліз басталады. Келушілер жер асты өткелі арқылы Арена амфитеатының жылтыратылған қара еденіне аяқ басады, онда төбесінен аспан мен жоғары шығатын баспалдақтар ғана көрінеді. Қабырғалар мен өтпелі қырлар бетіндегі ақ әктас бетіне тоқсан тоғыз қасиетті пайғамбарлардың есімдері жазылған. Кесене ішіндегі еден мәрмәр мозаика техникасында салынған. Жалпы композицияны төрт бұрыштық мұнара аяқтайды. Олардың қызметі - Ұлы рухтар-аруахтардан денсаулық сұрайтын қазақи салт-дәстүрін өткізуге мүмкіндік береді. Дәстүр бойынша мұнараның арнайы ғимаратында түнеуге, намаз оқуға және салт-дәстүрлерді жасауға болады.
- Жәнібек Бердәулетұлына ескерткіш
Жәнібек батырдың зираты мен ескерткіші ШҚО Жарма ауданындағы Ортабұлақ ауылының жанында орналасқан. Ер Жәнібек Бердәулетұлы - Жантекей тармағының Керей руының Абақ 12-ші өкілі. Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте өз ерліктерімен, шешендік өнерімен, көрегендігімен танымал болған, халық арасында ол би де болды. 1714 жылы туған, 1792 жылы қайтыс болған. Батырды оның замандасы Бұхар жырау өзінің өлеңдерінде бірнеше рет еске алып, Ер Жәнібек әрекетіне лайықты баға берген. Халық арасында Батыр туралы рудың естелігі сақталған. Аңыз бойынша, Ер Жәнібек нағашылары жағынан Қазыбек бидің жиені болды. Ер Жәнібек ерте ер жеткен, 13 жасында өзінің нағашысы Қазыбек биден жоңғарлармен шайқасқа сұранған. Бірақ Қазыбек би оны әлі де тым жас деп, жорыққа жібермеген. Ер Жәнібек оған ренжіп кетіп қалып, найзасын жерге қадап, оның жанында ұйықтап қалған. Қазыбек би оның жанына келгенде, оның кө алдына ұйықтап жатқан Ер Жәнібектің үстінде екі қасқыр секіріп жүргендей көрінген. Бұл екі қасқыр Ер Жәнібекке қамқорлық етіп жүрген рухтар екенін түсініп, ол өзінің жиеніне жаумен шайқасқа баруға рұқсат берген. Жәнібек батырлық пен батылдықтың арқасында көп ұзамай атақты болып, Абылай ханның көзіне түскен. Қоңыр әулие үңгіріндегі шайқаста ол да ерлік көрсеткен. Ер Жәнібек қазақ-жоңғар соғысына белсене қатысқан. Ер Жәнібек зираты Қалбатау тауында орналасқан. Қорым 1963 жылы табылды. 2014 жылы батырдың 300 жылдығына орай оның құрметіне ескерткіш қойылды. Мерекелік шара Қытай, Моңғолия, Түркия қонақтарының қатысуымен халықаралық деңгейде атап өтілді. Шет елдік қонақтар Ер Жәнібек атындағы монументтің ашылу салтанатына қатысты. Бүгін бұл жерде жас жұбайлар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетеді. Ер Жәнібектің ерліктері - халықтың мұрасы, ұрпақ үшін үлгі. Ол қазақ халқының ұлы ұлдарының арасында құрметті орын алуға лайықты тұлға. Халық арасында Ер Жәнібек туралы аңыздар өте көп.
- Ырғызбай ата кесенесі
ХІХ ғасырдың ортасындағы діни сәулет ескерткіші Тарбағатай ауданындағы танымал халық емшісінің құрметіне салынған. Досқанаұлы Ырғызбай (1787-1850 жж.) атақты емші, сынықшы (костоправ) болған, шөптермен емдеген, диагнозды қан тамырының соғуына қолын қоя отырып қойған, ем жүргізгені үшін ақша алмаған. Абайдың әкесі, атақты би Құнанбайды емдегенімен танымал болған. Қазіргі уақытта ескерткіш қажылық орны болып табылады, себебі бұл жердің емдік күші бар және ауру адамдардың сауығып кеткен көптеген мысалдар бар. Кесененің рухани маңыздылығы – салт-дәстүрлерімізді сақтап, ата-бабаларымыз туралы естеліктердің сақталып қалуына ықпал етуінде. Ырғызбай-ата кесенесі жерлеу құрылыстары мен шаруашылық құрылыстарынан тұратын кешеннің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Басты қасбетте, күмбез астындағы барабанда қызыл түспен "Ырғызбай" деген жазу жазылған. Кесененің кіреберісі мен бұрыштары қызыл кірпішпен әшекейленген. Екі жағынан да, арка қуысына кіре берістен жазулары бар мәрмәр тақтайшалары салынған.
- Шілікті тарихи-археологиялық кешені
Шілікті аңғары Тарбағатай, Манрақ, Сауыр-Сайхан тауларымен қоршалған ұзындығы 80 шақырым жазықтық. Бұл шын мәнінде үлкен қорған, олардың саны 200-ден асады, бірнеше тізбектермен созылатын патшалық алқап. Шілікті ерте сақ дәуіріндегі элитарлық ескерткіштер бірегей табиғи кешенінің ортасында орналасқан. Аумақтың басты құндылығы – табиғат пен адамның көпғасырлық қызметінің үйлесімді әсерінен пайда болған тарихи-мәдени ландшафт. 1960 жылдары археолог С. С. Черников № 5 қорғанын қазып, 524 алтын бұйымдар тапқан. «Ұшатын бұғы» түріндегі айылбастар, қыранның, балықтың, қабанның бейнесі мінсіз және экспрессиямен таң қалдырады. Сенсациялық жаңалықтардың жаласы қазақстандық археолог Ә. Т. Төлеубаевтың зерттеулерімен байланысты. 2003 жылы № 1 обаның қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жарқын олжалар ерекше көлемімен және орнымен ерекшеленді. Сегіз метрлік үйіндінің астында балқарағайдың бөренелерінен салынған үйінді табылды. Адам бас сүйегінің табылуы антропологтарға патша тұлғасының сыртқы келбетін қайта құруға мүмкіндік берді. 4333 алтын бұйымдар табылды: барыс, бүркіт, бұғы, қасқыр, арқар түріндегі қалпақтар. Ежелгі көшпенділер өнерінің шынайы жауһарлары - екі бұғылардан тұратын геральдикалық композицияны қамтитын айылбас. Қазба жұмыстары одан әрі № 16 обасында жалғасты. Қорғаннан балқарағайдан жасалған тоналған қабір табылды, оның әр түрлі учаскелерінде табақша алтыннан жасалған 2000 мыңнан астам әшекей табылды: бұғы, бүркіт, жыртқыш мысық тұқымдылар түріндегі айылбастар, геометриялық пішінде жасалған киім жапсырмалары табылды. Жерлеу құрылысының архитектурасын, құрылыс технологиясын қадағалау өте маңызды. Шілікті алтын әшекейлері сақтардың өнерінде ең ерте кезеңдерге жатады. Бұл киім-кешектер әміршілердің көзі тірісінде ерекше жиындарға, салтанатты шараларға киген киімдері. Олар алтын әшекейлермен безендірілген. Бұл салтанатты костюмді ғалымдар қайта құрды. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Еуразиялық кеңістікте бірегей болып табылатын «Алтын адам» табылды. Материалдар б.д.д VІІІ –VІІ ғғ. Ерте сақ кезеңдеріне жатады. Шілікті қорымындағы қазба жұмыстары соңғы жылдардағы көрнекті жаңалықтарға жатады.
- Берел тарихи-археологиялық кешені
ШҚО Катон-Қарағай ауданында орналасқан. Берел қорымы мұнда табылған көшпелі ақсүйектер мен сақ-сібір аң стиліндегі жоғары көркем бұйымдардың табулыуна байланысты дүние жүзіне танымал болған. Әлемдік ғылыми қауымдастық қазба жұмыстарын археологиялық сенсация деп белгіледі. Ежелгі көшпелілер өзінің жоғарғы көсемдерін жерлеу үшін осы әсем Алтай мекенін кездейсоқ таңдап алған жоқ. Қорғандар орналасқан алқап жергілікті жерде және барлық жағынан биік таулармен көмкерілген. Ежелгі мифологиялық көзқарастар бойынша таулар ерекше мағынаға ие, себебі олардың шыңдарында құдайлар өмір сүреді, ата-бабалардың жаны жоғарғы әлемге кетеді деп сенген. Алқап пен жерлеу құрылысы болып табылатын қорған ғибадатхана рөлін атқарды. Берел археологиялық кешенінде әр түрлі көлемдегі 100-ден астам жерлеу-еске алу құрылыстары бар. Ежелгі тұрғындар өз билеушілері үшін олардың мүрдесін ұзақ уақыт бойы қаз-қалпында сақтап тұратын орасан зор мазарлар салған. Олар бальзамдау құпияларын иеленген және де олардың тас құрылымдарын салу тәжірибесі қорғанның жерлеу камерасында мұздату линзасын қалыптастыру мүмкіндігін ескерген. Бұл мұздатылған мазарларда сақ көшпенді қоғамының жоғары ақсүйектері өкілдерінің о дүниеге өткенде ілескен заттар - киім, ат жабдықтары және ағаштан және матадан жасалған бұйымдар, ер-тоқымдар, ағаш ыдыстар, былғары мен киізден жасалған бұйымдар өте жақсы сақталған. Ең ірі қорғанда патшалар тұқымына жататын адамдар – ер адам мен әйел адам жерленген. Олардың жанында 13 жылқы болған. Аттар жегулі және тоқым кигізілген болған, олардың бастарына тау ешкінің ағаш мүйіздері бар маскалар кигізілген. Жылқы әбзелдерінің бөлшектері ағаштан жасалған, ою-өрнектермен әшекейленген және алтын фольгамен және қалайымен қапталған. Қазіргі уақытта бұл Қазақстандағы көне сәулетшілер қызметінің арқасында пайда болған, мәңгілік майланған жалғыз ескерткіш. Берел қорымының археологиялық зерттеулері бүкіл әлемге ежелгі салт-дәстүр дәуірінің жарқын мәдениетін көруге мүмкіндік берді.
- «Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешені
Табиғи-ландшафттық киелі нысан, мегалиттердің ежелгі табиғи-тарихи кешені, құлшылық ету орны. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым қашықтықта, Ақбауыр тауының баурайында орналасқан. Ақбауыр үңгірін зерттеуді 1970-1990 жылдары З. Самашев басқарған Қазақстан Ғылым академиясының археологиялық экспедициясы жүргізді. Нысан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне кіреді. Кешеннің орталық бөлігінде Ақбауыр шатқалы (сланецтер мен граниттердегі петроглифтер, әр түрлі кезең бойынша жерленген жерлер, қоныстардың қалдықтары бар), Қоржымбай шоқысы (жазбалары бар үңгір), Қызылтас алқабы (әр түрлі кезең бойынша жерленген қорымдар, оның ішінде «мұртты» қорғандар, петроглифтер бар), Сағыр ауылы (петроглифтердің үлкен шоғырлануы, қоныстардың қалдықтары) орналасқан.Ауданның басқа бөліктерінде бірегей табиғи жерлер аясында шағын қоныстардың қалдықтары, кен қазбалары, кенді өңдеу орталықтары, әр түрлі кезеңдерге жататын көмулер мен петроглифтер болған. Барлық аумақ бірыңғай кешенді құрайды, оның базасы осы өңірдің бірегей табиғи ерекшеліктері болып табылады. Ақбауыр ауданында Сағыр, Қамысты, Қошұнай, Бестерек, Алдай сияқты жартасқа салынған суреттер көп. Олардың көбісі петроглифтер. Сондай-ақ Сағыр үңгірі, Ақбауыр үңгірі жазулары да бар. Олардың барлығы жазықтықтардың таңдауы бойынша (көлденең және тік), стиль, қағу техникасы (граффити және прошлифовка), уақыт (қола дәуірінен ерте көшпенділер дәуіріне дейін) және бейнелеу түрлері бойынша (ешкілердің суреттері басым, антропоморфты фигуралар қызығушылық тудырады) алуан түрлі. Бейнелері бар массивтердің ұзындығы өте үлкен (1шақырымнан көп). Ақбауыр ауданында көптеген обалар мен қорымдар бар.
- Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу кесенесі
Бұл VIII-X ғғ. Республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші. Қозы Көрпеш пен Баян сұлу - махаббат үшін өмір сүрген қазақ аңыздарының ең танымал және сүйікті кейіпкерлерінің бірі. Бұл сарынның түркі елдерде кең таралуы оның ежелгі түркі әлемімен байланысының дәлелі. Бұл ең ерте ортағасырлық сәулет ескерткіштерінің бірі, ол туралы зерттеушілер де бірнеше рет айтқан.1856 жылы оның жанындағы кесене мен мүсіндерге (қазіргі жоқ) Шоқан Уәлиханов сурет салған. Ескерткіштің жанында тұрған тас мүсіндерінің суреттері үлкен құндылыққа ие. Халық аңызы бойынша фигураларда Қозы-Көрпеш, Баян-Сұлу, оның сіңлісі мен әпкесі бейнеленген. 1858 жылы кесене Николай Абрамовпен зерттелді, 1898 жылы Николай Пантусовпен зерттелді. 1952 жылы ескерткішті Әлкей Марғұланның басшылығымен Қазақ КСР Ғылым академиясының археологиялық экспедициясы зерттеді. 1982 жылы Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу мазары Республикалық маңызы бар Қазақ КСР тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің тізіміне енгізілді және мемлекеттің қорғауына алынды.
Кесене Аягөз өзенінің айналмасында орналасқан, ол оны 180 градус доғамен иіріп алып тұрады. Кесене тұрған өзеннің биіктеу келген оң жағалауынан әсем алқапқа көрініс ашылады. Кесенеден оңтүстікке қарай тастан жасалған құлпытастары бар қазақ зираты орналасқан.