Қарағандылықтарды цифрлық сауаттылықты жоғарылату курсынан өтуге шақырады

Қарағандылықтарды цифрлық сауаттылықты жоғарылату курсынан өтуге шақырады

Қарағандыда тамыздың 13-і мен 31-і аралығында цифрлық сауаттылықты жоғарылату тегін курстары өтеді. Аталмыш курстарда қаламыздың 19555 тұрғыны оқытылады деп жоспарлануда.
Оқу бағдарламасы 5 модульге бөлінген:
1. Негізгі цифрлық дағдылар;
2. Электронды мемлекеттік қызметтер;
3. Ашық үкімет;
4. Электронды сауда;
5. Ақпараттық қауіпсіздік дағдылары.

Курста барлық тілек білдірушілер, оның ішінде көп балалы аналар, зейнеткерлер, жұмыссыздар, оралмандар оқи алады. Сабақты 45 мектепте 98 жаттықтырушы өткізеді. www.kargoo.gov.kz сайтында курс тыңдаушыларын тіркеу және сертификаттау үшін модуль әзірленді. «Цифрлық сауаттылық 2019» бөлімінде дәрістер өтетін мектептердің мекен-жайлары мен байланыс нөмірлерін табуға болады.
Барлық сұрақтар бойынша 8 (7212) 34-34-92 Call-орталығына немесе келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (701) 244-59-55, 8 (701) 135-00-31.