
Қарағанды облысының ТЖД-де дала өрттерін сөндіруді ұйымдастыру бойынша жедел штаб жұмыс істейді. Тек өткен тәулікте аймақта Жаңаарқа, Қарқаралы, Шет, Ұлытау, Осакаровка және Бұқар Жырау аудандарында 10 өрт жойылды.
- Негізгі күш елді мекендерді қорғауға бағытталған. Тұрғындардан тыныштықты сақтауды, үрейленбеуді және қажет болмаған жағдайда далаға шықпауды сұраймыз, - дейді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыс аумағында 290 дала өрті және құрғақ шөптің жануы орын алған. Тілсіз жау 9000 га аумаққа етек жайған.
ТЖД қызметкерлері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады. Ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде жарамды ұшқын сөндіргіштері бар техниканы пайдалану ұсынылады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша