
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Абай ауданының жыл сайын өтетін ауыл және жұмысшы жастарының «Предлагай! Решай! Действуй!» атты форумы өтті. Ұйымдастырушылар шара барысында қатысушылар өздерін жан жақты көрсете алуы үшін барлық жағдай жасауға тырысқан.
Форум бағдарламасында келесідей секция сабақтары қарастырылған:
- «Бизнес с нуля» - табысты кәсіпкерлер Ерлан Әшім мен Жамила Қосшыбаевадан бизнес-тренинг;
- «Красота и Стиль» - бьюти имиджмейкер Елена Банниковадан; визажист Сейтжаппарова Маржан, "Нұр Әсем" директорының арт-директоры Рыскулова Гүлжаннан мастер-класс.
- «Психология и Религия» - дінтанушы мен теологтың тренингі.
Форум қатысушылары жүзу, үстел теннисі және волейбол бойынша жарыстар болатын қаланың спорт нысандарына барды. Содан кейін бампербол ойынында және қызықты жастар квестінде жеңіс үшін бақ таластырды.
Кешкі уақытта қалалық стадионда орнатылған сахнада облыстың қазіргі жастар ұжымдарының өнер көрсетуі басталды. Сондай-ақ, Жастар мерекесіне Нұр–Сұлтан мен Алматының «Ағайынды Жүгінісовтар» және «Бонапарт» эстрада жұлдыздары шақырылды.
Саябақ аймағында «Молодежный Арбат» орналасқан. Бұл жерде Абай жастары өздерінің заманауи билер, әндер, гитара, домбыра, саксофонда ойнау сияқты шексіз таланттарын көрсетті. Сахнада кәсіпкерлер сыйлықтармен қамтамасыз еткен арнайы лотерея ойнатылды. Бас жүлде - "Березняки" шипажайына екі адамға жолдаманы аудан әкімі Бауыржан Асанов табыс етті. Аудан басшысы барлық қатысушыларды жастар мерекесімен құттықтап, белсенді және шығармашыл болуға тілек білдірді. Жаңадан бастаған екі кәсіпкер әкімнің қолынан ауылда шағын бизнесті дамытуға 1 000 000 және 500 000 теңге сомасында грант алды. Жастар ресурстық орталығына жап-жаңа автобус табыс етілді.
Форум мерекелік отшашумен аяқталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша үлкен мерекені өткізуге арналған бюджет шығындары аз болды. Іс-шараны өткізуге демеушілер үлкен қолдау көрсеткен.