
Қарағанды автовокзалының баспасөз қызметі хабарлағандай, автобустар Қарағанды – Семей бағыты бойынша (Павлодар және Екібастұз арқылы) жүре бастады. Рейс күн сайын - тақ сандармен. Аттану уақыты 15:00.
Билеттерді Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автовокзалдарының кассаларынан, сондай-ақ автовокзал терминалдарынан түскі үзіліссіз және демалыссыз сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін сатып алуға болады.
Онлайн брондау және билеттерді алу автобустың жөнелтілуіне 30 күн қалғанда ашық.