
Сәтбаевта жаңа Неке сарайы ашылды. Мұнда салтанатты шараны өткізуге арналған үлкен зал жабдықталған.
Жас жұбайлар үйлену тойын әдемі жағдайда өткізуге мүмкіндік алды. Қалалық жұптардың бірі бұл мүмкіндікті пайдаланды. Оларды айтулы оқиғаларымен Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов құттықтады. Ол жайлы ғимарат жаңа отбасылар мен дәстүрлердің дүниеге келуіне ықпал ететінін атап өтті.
Сондай-ақ, жас отбасын АХАТ бөлімінің еңбек сіңірген қызметкері Раушан Қантеева мен отау құрғандарына 50 жыл толған «алтын жұп» Рақымжан аға мен Қадиша апай да құттықтады.
Жаңа ғимаратта жаңа туған нәрестелерді салтанатты түрде тіркеу және отбасылық өмірдің мерейтойлары өтетін болады.