Жас қарағандылықтарды «Күй қазына» байқауына қатысуға шақырады

Жас қарағандылықтарды «Күй қазына» байқауына қатысуға шақырады

Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайы қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, Қазақстанның халық әртісі, күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған «Күй қазына» облыстық байқауы өткізеді. Өтініштер туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесімен 25 қарашаға дейін dkg_11@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.

30 қарашада өтетін байқауға 9–12 және 13–17 жас аралығындағы жеке орындаушылар қатыса алады.

Қатысушы екі күй – төкпе және шертпе орындауы керек, бірақ қазылар алқасы қосымша күй орындауды сұрауы мүмкін. Қатысушының күйді орындауы ғана емес, сондай-ақ орындау мәдениеті, киіну стилі, сахнада өзін ұстауы бағаланады.

Кәсіби, музыкалық өнер мектеп интернаттарында оқитын үміткерлер және үйірме, өнер студияларының қатысушылары жеке бағаланады.

Республикалық және халықаралық байқаулардың Бас жүлде иегерлері байқауға қатыса алмайды.

Анықтама телефондары: 41-27-26, 8-707-121-83-99, 8-700-610-12-91.