«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлері халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі түсіндіру жұмысын жалғастырып жатыр. Азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға көзделген «Мобильді азаматтардың базасында тіркел және көрсетілетін қызметті өзің ал» тақырыбындағы кезекті шығу акциясы Октябрь ауданында жалғастырылды.
Акцияның мақсаты цифрлық сауаттылықты арттыру болып табылады. Мамандар тұрғындарға электронды Үкімет және EgovKzBot бот арқылы санаулы минуттарда қажетті анықтамаларды қалай алуға болатынын айтып берді. Қазіргі таңда осы бот арқылы 25 мемлекеттік қызмет пен сервистер қол жетімді.
Жыл басынан мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алу механизмдерін танымал ету жөніндегі 411 шара ұйымдастырғанын айта кеткен жөн. Өткен жылмен салыстырғанда аймақта электрондық үкімет порталын пайдаланатын тұрғын халықтың саны өсуі байқалады, бұл, өз кезегінде, ХҚКО-дағы кезектерді бірнеше есе азайтты.
Бүгінгі таңда азаматтарға ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің 71%-ын үйден шықпай-ақ, желі арқылы алуға болады.