
Қарағандыда жұмыс істемей тұрған үш субұрқақ іске қосылады. Жақын арада «Шалқыма» концерт залының жанында, «Арман» боулинг ғимаратының және «Бегемот» балалар ойын-сауық орталығының жанында субұрқақ жөнделеді.
Бұл туралы Қарағанды қаласының Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасынан хабарлады.
- Біз «Шалқыма» концерт залының жанында субұрқақта жаңа қозғалтқышты орнаттық. Су толтырылып, содан кейін іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Осы аптаның соңына дейін, сондай-ақ Әлиханов көшесінде Боулинг пен «Бегемот» жанында екі субұрқақ іске қосылмақ. Қосалқы бөлшектер жаңасына ауыстырылады, - деді Қарағанды әкімдігінің «Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасы» КМК өндірістік-техникалық бөлімінің инженері Әлібек Мұқашев.
Ол сондай-ақ субұрқақтар көбіне бұзақылардың әрекеттері мен жабдықтарды ұрлауға байланысты істен шыққанын атап өтті.
Өткен жылы Қарағандыда 5 субұрқақ жөнделді: Назарбаев даңғылында, қала әкімдігінің жанында, ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы мен Оңтүстік-Шығыстағы Жеңіс атындағы саябақтарда, сондай-ақ Майқұдықтағы Қазақстанның 50 жылдығы атындағы саябақта. Олар жаңа қозғалтқыштар, датчиктер, таймерлер, су асты шамдары, хлораторлық сүзу жүйелерімен жабдықталды.