
Қазақстанның барлық облыстарынан және Ресей, Қырғызстан, Беларусь елдерінен жиналған командалар 19-шы жас жол қозғалысы инспекторларының слетына қатысуда.
Жас қатысушылар «Реттеуші», «Саптық байқау», «Жол жүру ережелерін білу», «Агитбригада» сияқты бірнеше тур бойынша өзара бақ сынасады. Сонымен қатар республикалық байқауға балаларды алып келген полиция қызметкерлері «Жол жүру ережесін білу», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Үздік насихаттаушы» байқаулары бойынша бақ сынасса, ұстаздар қауымы «Ашық үзіліс» байқауы бойынша сайысқа түседі.
Слет бағдарламасы бойынша ұстаздармен полиция қызметкерлеріне бірнеше тренингтермен оқу семинарлары өткізіледі. Сонымен қатар барлық қатысушыларға қаланың көрікті жерлерімен қоса, Карлаг, Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президен мұражайларына саяхат жасалады.
Республикалық Слет ҚР Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында 25-ші тамызға дейінгі аралықта өтеді.
Қарағанды облысының ПД Баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша