Қарағанды облысының Абай қаласында көп балалы аналар мектебі жұмыс істейді. ҚР Президентінің «Бірге - бірге іске асырамыз» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша баспасөз туры аясында сабақ қалай өтіп жатқаны туралы айтылды.
Шара шеңберінде мектеп оқушылары үшін аспаздық өнер және киізден шеберлік сыныптар ұйымдастырылады. Семинарларда оларға өз ісін қалай ашу керектігі туралы әңгімелейді. Сондай-ақ мектепте ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас туралы психологиялық тренингтер ұйымдастырады.
Мектеп аудан тұрғындары арасында өте танымал. Оған тіпті шалғай ауылдардан да келеді. Оқыту кестесі ыңғайлы және қатысушылардың отбасылық жағдайын ескеріп, көпбалалы аналарды жұмыспен қамтуды қарастырады. Олар бір-бірімен білім мен тәжірибе бөліседі.
«Іскер ана» көп балалы аналарға арналған мектеп» жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жүзеге асырылуда. Ол көп балалы аналардың қоғамдағы жағдайын жақсартуға бағытталған.