Ауылдық жерлердегі меценаттар мен қайырымдылық жасаған азаматтарға «Жомарт жүрек» сыйлығы табыс етілді

Ауылдық жерлердегі меценаттар мен қайырымдылық жасаған азаматтарға «Жомарт жүрек» сыйлығы табыс етілді

Осакаров ауданында «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреваттарын құттықтады. Бұл марапат қазақстандықтардың азаматтық жауапкершілігін көтермелеу үшін жақында бекітілген. Ол туған өлкені дамытуға қосқан үлесі және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысқаны үшін меценаттар мен қайырымдылық шараларын жасағандарды атап өтеді.
Ауыл кәсіпкерлерінің әлеуметтік бастамалары қоғам арасында мойындалды. «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары төрт номинация бойынша іріктелді: «Жыл меценаты» (кіші Отанында ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны және мұқтаждарға көмек көрсеткені үшін), «Туған өлке» (ауылды көркейтені, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт саласында демеушілік көрсеткені үшін), «Жыл тұлғасы» (белсенді азаматтық ұстанымы және қайырымдылығы үшін), «Жылдың үздік ұйымы» (қайырымдылық жобалары мен акциялары үшін).
Ауылдық меценаттар мен қайырымдылық шараларын жүзеге асырғандарға дипломдар табыс етілді.
«Жатва» шаруа қожалығының басшысы Виталий Ямковой үздік меценат деп танылды. Кәсіпкер туған ауылының мәселелерімен жақсы таныс және оларды шешуге көмектеседі.
Жеке кәсіпкер Инна Харитониди «Туған өлке» номинациясында марапатқа ие болды. Ол коворкинг орталықтың құрылысына үлесін қосты және оның алаңында жастарға ағылшын тілі сабақтарын береді.
«Жыл тұлғасы» номинациясына Ақбұлақ ауылдық округінің «Майбұлақ» шаруа қожалығының басшысы Шовалу Омаров ие болды. Ол көптеген жылдар бойы қайырымдылықпен айналысып, жерлестеріне көмектесуге тырысады.
«Бірлік 2006» ЖШС директоры Павел Михайлов «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша марапатталды. Ол Сенокосное ауылындағы балалар спорт алаңының құрылысын және су құбырын жөндеуді қаржыландырды. Кәсіпкер спортшылардың жарыстарға және түрлі әлеуметтік акцияларға шығуларына демеушілік жасайды.