
2019 жылғы 24 тамызда сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Қарағанды қалсындағы Облыстық онкологиялық диспансерде, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлік онкодиспансерлерінде бауырдың қатерлі ісіктерін ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.
Дәрігерлер келесідей дерт белгілері бар барлық адамдарға тексеруден өтуді ұсынады:
- Ас қорыту органдары жұмысының бұзылуы (іштің кебуі, іш қуысындағы жайсыздық, тәбеттің болмауы, жүректің айнуы, құсу);
- Оң жақ қабырға астында ауыртпалық сезімінің болуы және ауырсыну;
- Тері қабаттарының сарғыштығы;
- Жылдам шаршау, белгісіз себеппен салмақ жоғалту.
- Сонымен қатар, егер сіз В, С вирусты гепатиттері бойынша инфекционист дәрігерде есепте тұрсаңыз .
Барлық ниет білдірушілер диагностикадан тегін өтіп, онколог дәрігерлерден кеңес ала алады.
Тегін тексерулердің тізімінде бауырды ультра-дыбыстық зерттеуден өткізу (дәрігерден сәйкесінше нұсқау болса) қарастырылған. УДЗ өту үшін аш қарынға келу керек, сонымен қатар тексеруден өтер алдында бір күн бұрын кешкі 19.00-ден кейін тамақтанбаған жөн.
Қосымша ақпаратты +7(7212) 43-88-20 телефоны арқылы біле аласыз (тіркеу орны).
Мекен-жайы: Қарағанды қ., Кривогуз көшесі, 189, диспансерлік бөлімше.