
Қарағанды облысының 2030 жылға дейінгі негізгі даму бағыттары ел дамуының маңызды құжаттары: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы), Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №636 Жарлығымен бекітілген 2030 жылға дейін елдің аумақтық-кеңістік дамуының болжалды сызбасы, 2025 жылға дейінгі ел дамуының стратегиялық даму жоспары, Үкімет отырысының 2018 жылғы №3 хаттамасымен мақұлданған «2019-2023 жылдарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы», сондай-ақ, ел Президентінің Жолдаулары және мемлекеттік бағдарламалар аясындағы мақсаттар мен міндеттермен айқындалған.
Ұлттық кілттік индикаторлардың стратегиялық картасы облыста стратегиялық мақсаттар ретінде белгіленген. Экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ету үшін бұл мақсаттарға жету үнемі бақылауда.
Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша негізгі облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қамтамасыз етілді. Қысқамерзімді экономикалық индикатор 102,9% құрады.
Өнеркәсіпте 0,5%, ауыл шаруашылығында 3,4%, құрылыста 53,5%, инвестицияны игеруде 72,8%, саудада 9,8% оң өсім қамтамасыз етілді.
Шағын бизнесте әрекеттегі субъектілердің саны 8,2% құрады немесе 88633 бірлік.
Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 1236,7 млрд.теңгені құрады.
Түсті метал алу артты, түсті металлургияда, фармацевтикада, азық-түлік өнеркәсібінде өсім қамтамасыз етілді.
Кәсіпкерлікті қолдау картасына 840,6 млрд.теңгенің 110 жобасы енгізілді, ол жобалар 12 224 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Карта аясында бүгінде 292 млрд.теңгенің 87 жобасы жүзеге асырылды. Кәсіпорындарда 6903 жаңа жұмыс орны ашылды.
Бұл облыста машинақұрастыру, фармацевтика, құрылыс индустриасы және АӨК-де жаңа өнімдердің өндірісіне ашуға мүмкіндік берді.
Биыл 34,3 млрд.теңгенің 5 жобасын іске қосу жоспарлануда. Ол жобалар ашылғанда 541 жаңа жұмыс орны құрылады.
Инвестиция тартуда жағдай жасау үшін белсенді шаралар жүзеге асуда.
«Бір терезе» қағидаттарына сәйкес кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылып, жұмыс істеп тұр. Онда халыққа қызмет көрсету орталығы, инвесторларға қызмет көрсету орталығы, «ҚазАгроГарант» АҚ Қарағанды филиалы кеңесшілері, Қарағанды облысының АШТӨ үшін инвестициялық субсидиялар бойынша, «Даму ФРП» АҚ операторы, сондай-ақ, энергетика, сумен жабдықтау саласындағы қызмет көрсетушілердің өкілдері орналастырылған.
Инвесторлармен жұмысты реттеу мақсатында Қарағанды облысы аумағында инвестициялық жобаларды алып жүрудің тәртібі жасалып, бекітілді. Бұл тәртіп инвесторды бастапқы кезеңнен бастап, жоба іске қосылғанға дейінгі аралық кезеңді қарастырады.
Облыста жергілікті атқарушы органдардың интернет порталының талаптарына сәйкес қажетті барлық ақпараттар орналасқан арнайы инвестициялық сайт (www.investQ.kz) жұмыс істейді.
Американдық «Halliburton» компания қолдауымен облысқа трансұлттық компаниялар тартылып, барит кенін өңдеуде.
Швецарияның ірі GlencoreInternational компаниясымен бірлесе отырып, «Қазцинк» «Жәйрем ТБК» АҚ байыту фабрикасының құрылысына кірісті, инвестиция көлемі 145 млрд.теңге.
Бельгиялық CarmeuseGrupc трансұлттық корпорациясының тікелей инвестициясының есебінен 1-сұрыпты әк өндірісі зауытының құрылысы жоспарлануда, инвестиция көлемі 20 млрд.теңге.
Облыстың инновациялық инфрақұрылымын құру және дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қарағанды облысының кадрлық, басқармалық және өндірістік потенциалын күшейту мақсатында өңірдің жетекші кәсіпорындарындағы басшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін 3 курс өтті.
Жыл соңына дейін әлі де 4 оқыту курсын өткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілеріне Қазақстан Республикасының және Еуразиялық патенттік ұйымының патенттерін алуға өтініш беруде қолдау көрсетіледі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР патентін алуға берілген 10 өтінішке қолдау жасалды. Биылғы жылы патент алуға 10 жобаға ықпал ету жоспарлануда.
Қазіргі таңда 4 өтініш қарастырылуда.
Жалпы сыйақы қоры 3 млн.теңгеден астам болатын «Сарыарқа болашағы» жастардың инновациялық жобалар байқауы өткізілді.
Сондай-ақ, осы жылы Қазақстанның барлық өңірінен инноваторларды тарта отырып, Хард Дей және Хакатон секілді бұқаралық шараларды өткізу жоспарланған.
Облыстың ғылым, иннвация және жаңа технологиялар жөніндегі кеңесі арқылы инновациялық жобаларды таңдап, оларды өндіріске енгізу жұмыстары жалғасуда.
ЖОО-лардың және ҒЗИ-ның 60 жобасы мен әзірлемелерінен реестр қалыптастырылды.
Ірі тау-кен-металлургиялық кәсіпорындарында жаңа технологиялар және цифрландыруды енгізу, «Индустрия 4.0» элементтерін қолдану бойынша жұмыстар жалғасуда.
Бүгінгі таңда «Индустрия 4.0» элементтері 10 ірі кәсіпорында енгізілуде, оған салынған қаражат көлемі 220 млрд.теңге.
Ауылшаруашылығы тұрақты дамуда.
2019 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша ауыл шарушылығының жалпы ішкі өнімдегі көлемі 89,4 млрд.теңгені құрады.
Көктемдік-егістік жұмыстары биыл орташа есеппен ауданы 6,3% ұлғая отырып, мейлінше агротехникалық мерзім аясында жүргізілді.
Цифрландыруға екі ірі шаруашылық қосылған және осы жылы 28 ілкімді ферма құруды жоспарлаудамыз.
Жалпы ауданы 1 млн.250 мың га болатын 7 000-нан астам егістік алқабының электронды картасы жасалды.
Шабындық пен жайылымды цифрлау жұмыстары жалғасуда.
Ауыл шаруашылық өнімінің экспорты 3 есеге артты.
Жалпы сомасы 31,1 млрд.теңге болатын, 498 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 24 инвестициялық жоба жүзеге асуда.
Даму институттарының қаржыландыруы 3 есеге артты, ол 7,2 млрд.теңгені құрайды.
Мемлекеттік қолдау шаралары 14,7 млрд.теңгені құрайды, оның 50% игерілді.
Инфляциялық үдерістерді ұстап тұрудағы шаралар белсенді жүргізілуде.
Осы жылдың қаңтар-маусым айындағы тұтыну бағасының индексі 103%.
Жалпы көлемі 390 тонна болатын бакалеялық азық-түліктің тұрақтандыру қорын жасақтау аяқталуда.
Бүгінде 68 тонна қарақұмық, 68 тонна күріш, 50 мың литр күнбағыс майы сатып алынды, 136 тонна қант сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тұрақтандыру қорының өнімін баға өсімінің шектен асқан кезеңінде нарықтық құнынан 10-15% төмен бағада супермаркет және әлеуметтік павильондар арқылы жүзеге асыру болжануда.
Жедел шаралар қатарында ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда. Жыл басынан бері 208 жәрмеңке өткізілді. Онда 1999,8 тонна өнім сатылды. Ол өнімдердің құны 1 млрд.408 млн.теңгені құрады.
Облыста кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаралар жүйелі түрде қолға алынуда.
Субъектілердің саны 7,3 мың бірлікке өсті.
ШОБ көлемінің өсімі 20% қамтамасыз етілді.
Аймақ экономикасындағы бизнестің үлесі 15,8% жетті.
ШОБ-тің жаңа өсу нүктелері онлайн қызмет көрсетуде көлік және логистикада, туризм және жеңіл өнеркәсіпте ашылуда.
Бизнестің нақты қажеттілігін анықтау үшін, сондай-ақ, жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтығандардың нақты санын білу үшін 16 000 кәсіпкерлермен үй шаруашылықтарын қамти отырып, арнайы Скрининг өткізу қарастырылуда.
Азаматтарды жұмысқа орналастыруда негізгі акцент кәсіпкерлікке тарту жолымен шешу болмақ.
Бұл үшін «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша бизнес негізіне 1000 адам оқытылды және бұл жыл соңына дейін 4 000 адамды қамтиды.
Моноқалаларда кәсіпкерлерді қолдау үшін микроқаржы ұйымдары арқылы шағын несие беру қарастырылуда.
Қазіргі уақытта 634 млн.теңгенің 54 шағын несиесі берілді.
Коммуникация және инженерлік инфрақұрылымның жаңа деңгейін құру – басымдықтың бірі болып табылады.
Алты айдың қорытындысы бойынша 588 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде, 498 тұрғын үй мақсатында және 90 өзге мақсаттарға арналған. Сауда және көлік, байланыс, коммуникация, кәсіпорын ғимараттары іске қосылды.
Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандар қатарында 150орындық мектепке дейінгі мекеме және Қарағандыда бір ауысымында 19 адамды қабылдай алатын медициналық орталық, Теміртау қаласында 600 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп бар.
Көппәтерлі 38 және 454 жеке үй пайдалануға берілді.
Жалпы пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының ауданы 174 мың шаршы метр.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алуға тұрғандардың кезегінде 35 мың адам бар.
Тұрғын үй шаруашалығы саласында желілерді қайта жаңғырту жүргізуде.
Нәтижесінде 300 шақырымнан астам су құбыры және кәріз желісі салынып, қайта жөндеуден өтетін болады.
Ұзындығы 4,7 шақырым болатын жылу магистральдық желісінде жаңғырту жұмыстары жүрзілуде.
Абаттандыру жұмыстары жалғасуда, облыстың 200 ауласын қалпына келтіруді жоспарлаудамыз.
Көліктік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары белсенді атқарылуда.
Ағымдағы жылы 1065 шақырымды қамту жоспарда. Әлеуметтік саланы дамытуда шаралар қолданылуда.
Білім.
2019 жылдың бірінші мамырында Теміртау қаласында 325 орындық «Нурай» балабақшасы ашылды.
Теміртау қаласында 600 орындық мектептің құрылысы аяқталды, Ұлытау ауданы, Бетбұлақ ауылындағы апатты мектептің орнына салынып жатқан мектеп құрылысы жалғасуда.
Қарағанды қаласындағы Панель-Центр шағынауданында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді.
Қарағанды қаласы, 30 шағынаудандағы 1200 орындық мектептің құрылысы жалғасуда.
2019 жылдың қаңтарынан бастап, Жезқазған қаласында 900 орындық мектеп құрылысы басталды.
Орта мектептің жалпы санындағы облыстың 242 мектебінде немесе 47,2% жаратылыстану-математикалық циклдағы пәндерде ағылшын тілінде беру элементтерін енгізу басталды.
42 колледжде немесе 66% дуальдық оқыту енгізілді. 275 кәсіпорынмен тығыз қарым-қатынас орнатылған.
Білім саласын цифрландыру саласында «Edu-Mark”, “GradeApp”, колледждерде электронды сессия, электронды қабылдау кампаниясы, 7-11 сынып оқушылары арасында электронды кәсіби бейімдік компаниясы, «ПедАтт» мобильдік қосымшаларын енгізу жалғасуда.
Жылдамдығы 4 мбит/с және одан жоғары кең жолықты интернет желісіне 487 (95%) мектеп қосылған, облыстың 318 мектебі On-Line цифрлық білім беру ресурсына қосылған, 197-сі тұрақты Off-Line-ға қолжетімді.
Облыста 70 техникалық және кәсіби білім беретін ұйым қызмет жасайды, оның 46-сы мемлекеттік және 24-і жекеменшік.
«Тегін кәсіби техникалық білім» жобасы бойынша 7875 студент оқуын жалғастыруда.
Халықаралық стандарттар және алдыңғы қатарлы WorldSkills технологияларының талаптарына сәйкес студенттердің бойында кәсіби дағдылар мен құзыреттілікті қамтамасыз ету мақсатында жетекші колледждің базасында 9 құзыреттілік орталығы ашылды.
Облыстың денсаулық сақтау саласында оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Бала өлімі төмендеді, туберкулезбен ауыру және онологиялық аурулардан көз жұму көрсеткіштері жақсарды.
Қарағанды облысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің пилоттық жобасын жүзеге асыруға әзірлік үстінде.
Бұл үшін денсаулық сақтандыруды цифрландырудың жоғары деңгейі қамтамасыз етілді.
Облыста кешендік медициналық ақпараттық жүйе енгізілді. Барлық медициналық ұйымдар меншік түріне қарамастан 1 цифрлық кеңістікке біріктірілді.
Әрбір тұрғынға эленктрондық денсаулық паспорты ашылды.
Қанатқақты жобаға дайындық аясында денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыру жүрзілуде.
Мұнда басымдық алғашқы медициналық санитарлық көмекті дамытуға берілуде.
Жекелеген инвестициялардың нәтижесінде бүгінгі таңда жалпы саны 60 мың адам тіркелген қолжетімді 3 жаңа емхана ашылды.
Жыл соңында облыстың өңірлерінде 5 отбасылық денсаулық орталығы және Жезқазған, Қарағанды қалаларында 3 консультативті-диагностикалық орталық ашылады.
Мәдениет және спорт саласы да дамуда.
Облыстың клубтық мекемелері арқылы есепті кезеңде 15 мың іс-шара өткізілді немесе өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 1,3% артық.
Мұражайлар 6 819 экскурсия, 850 лекция өткізді. 413 көрме ұйымдастырылды. Келушілердің саны – 282 144 адамды құрады.
Театрлық-көрермендік ұйымдар 918 спетакль қойды, оның ішінде, 16-сы жаңа қойылым, 673 концерт өткізілді.
Облыстың 21 мың спортшысы әртүрлі рангтегі 624 байқауға қатысты, 6142 медаль иеленді.
Облыс аумағында халықаралық және республикалық маңыздағы 62 жарыс, 5022 спорттық-бұқаралық шара өтті.
Жалпы тұрғындардың табысын арттыру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылдың ІІ тоқсанында бір жұмыскердің орташа айлағы 169 112 теңгені құрады.
Нақты жалақы индексі 109,2%.
Облыстың кілттік индикаторларына қол жеткізу бойынша жұмыс ұдайы бақылауда.
Қарағанды облысының экономика басқармасы