Қарағанды қаласының орталық саябағында қайырымдылық концерті өтеді

Қарағанды қаласының орталық саябағында қайырымдылық концерті өтеді

Қайырымдылық концерті Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Сахнада гитаристер мен ән орындаушылар - Виталий Подземный, Вадим Ким, Федор Снигирев, Илья Селин және Руслан Шевага өнер көрсетеді.
Барлық музыканттар өздерінің авторлық әндерін орындайды. Сондай-ақ сахнаның алдында тәттілер мен кәдесыйлар жәрмеңкесі ұйымдастырылаады.
Концертті ұйымдастырушылар №32 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Екатерина Пожидаеваға онкологиялық аурудан емделуге ақша жинауды жоспарлап отыр.
Концерт 21 тамызда сағат 18:00-де өтеді. Іс-шара саябаққа орталық кіре берістің оң жағында өтеді. Концертке билеттер сатып алудың қажеті жоқ, ерікті түрде қайырымдылық қаражатын жинау үшін жәшік орнатылады.