«Менің елімнің тарихындағы менің ауылымның тарихы»: Қарағанды кітапханасы зерттеу жұмыстары байқауын өткізеді

«Менің елімнің тарихындағы менің ауылымның тарихы»: Қарағанды кітапханасы зерттеу жұмыстары байқауын өткізеді

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Менің елімнің тарихындағы менің ауылымның тарихы» зерттеу жұмыстарының байқауын өткізеді. Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Өлкетану жұмысының дағдыларын қалыптастырумен қатар, байқау оқушылардың туған өлкесіне деген қызығушылығын оятуға арналған. Жас қарағандылықтарға 30 жыл ішінде туған ауылында немесе кентінде қандай оқиғалар болғаны туралы айту қажет.

Ұйымдастырушылар байқауға қатысуға 13 жастан 15 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілерді шақырады. Шығармашылық жұмыс жеке де, ұжымдық та бола алады.

Қазақ және орыс тілдеріндегі жұмыстар 30 қарашаға дейін келесі электрондық поштаға қабылданады: odb_abai@mail.ru. Байқау жұмыстарының стилі – ғылыми-философиялық немесе көркем болуы мүмкін. Бұл эссе, иллюстрация түрінде эссе және т. б. жанрлар.

Қорытынды 13 желтоқсанда шығарылады.

Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Үздік жұмыс Гран-приге ие болады. Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары да қарастырылған.

Үздік жұмыстар www.odb-abai.kz кітапхана сайтында жарияланады.

Байқау туралы толық ақпаратты (8-7212) 41-23-26, +7-701-66-74-998 телефондары арқылы білуге болады.