Балқашта әйелдерді вирустық инфекцияға тегін тексереді

Балқашта әйелдерді вирустық инфекцияға тегін тексереді

Балқаш қаласының әйел тұрғындары жүктілік пен балаға әсер ететін, таралаған жұқпалы ауруларға тегін талдау жасай алады. Мұндай шешім қала тұрғындарының денсаулығы мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында қабылданды. Дәрігерлер жақын арада ана болуды жоспарлап отырған 1000-нан астам әйелді тексеруді жоспарлап отыр.
- Біз ауыр акушерлік анамнезі бар қауіп тобындағы 1061 әйелді тексеруді жоспарлап отырмыз. Бұл соңғы 3 жылда ерте босану, бала өлімі оқиғалары болған әйелдер. Жыныстық жолмен берілетін созылмалы, анықталмаған және емделмеген вирусты және бактериялық инфекциялар жүктілікті соңына Ұрыққа тікелей әсер етпеген жағдайда да, инфекциялық процесс әйелдерде созылмалы эндометрит дамуына әкеліп соғуы, аутоиммунды бұзылулар болуы мүмкін. Олар бедеулікке, ұрықтың құрсақішілік дамуының бұзылуына себеп болуы мүмкін, - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының Балқаш аймақтық өкілдігінің бөлім басшысы Шолпан Қалықбекова
Талдаулар torch-инфекция тобына алынады. Бұл аббревиатура ұрық үшін ең қауіпті инфекциялардың бірінші әріптерінен тұрады:
· Т (toxoplasmosis) – токсоплазмоз
· О (other) – басқа инфекциялар (В гепатиті, мерез, хламидиоз, вирустар мен бактериялардан туындаған басқа да инфекциялар)
· R (rubella) – қызамық
· C (citomegalia) – цитомегаловирустық инфекция
· H (herpes) I-II, II типтегі герпес