
Қарағандының танымал суретшісі және антиядролық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіков Дубайдағы Expo 2020 көрмесінде (БАӘ) қырықтан астам картинасын ұсынды. Халықаралық алаңда суретші туындыларының көрмесін «Әлем картинасы» жобасының жетекшісі Дәіут Шайхисламов ұйымдастырды.
– «Әлем суреті» жобасына сай 2 020 адам 5 х 1,20 метр өлшемді үлкен кенепте өз іздерін қалдыруы керек, – дейді Кәріпбек Күйіков. – Қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров өз таңбасын алғашқылардың бірі болып енгізді. Қорытындылай келе, кенепте барлық 2 020 адам таңбасын қалдырған соң, жобаны ұйымдастырушылар суретті өндеп, Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге болатын әлем суреті пайда болады.
Кәріпбек Күйіков EХРО-да алған әсерін қыл қалам арқылы бейнелеп, бірнеше жаңа картиналар жазды.
– Эмоциялар көп. Көрмеде көрген барлық дүниеделрден алған әсерімнің арқасында менде бірнеше сурет пайда болды. Солардың бірінде мен су үстіне салынған Дубайдың жаңа қонақ үйін суреттедім, – деп бөлісті суретші.
Суретші БАӘ-де екі апта болып, жақында үйіне қайтты. Желтоқсанда ол «Әлем картинасы» жобасын аяқтау үшін тағы да Дубайға барады.
Ал оның жұмыстары EХРО көрермендерін қуантуды жалғастыруда.