
Жыл басынан бері Қарағанды облысында медициналық сақтандыру есебінен 13 пациентке бүйрек тастарынан арылту операциялары жасалды. Осындай әрбір операцияға қор 469 мың теңге жұмсайды.
Үлкен және маржан тәрізді бүйрек тастар - бұл жиі кездесетін сырқат. Көбінесе бұл дәрі-дәрмекпен емделмейді және адамдар хирургиялық жолмен тастардан арылуға мәжбүр. Мұндай диагнозы бар науқастар ауырсынудан және бүйректің жиі қабынуынан, ісінуден зардап шегеді. Ірі коралл тәріздес тастардан уақытылы арылмас, органнан айрылу қаупі жоғарылайды. Жыл басынан бері өңірде бүйректен бөгде бөлшектерді алып тастау бойынша 13 операция жасалды.
– Біздің клиникада бес адам ота жасады. Біз мұндай операцияларды 4 ай бұрын бастадық. Ол үшін мобильді рентген-жүйе мен кез келген тығыздықтағы тастарды сындыратын лазерлік аппарат сатып алынды, – деді Қарағанды медицина университеті клиникасының бас хирургі Нұрқаси Абатов.
Операция 1,5–2 сағатқа созылады. Заманауи технологиялардың арқасында дәрігерлер бүйректерді тастардан тазартады.
Операциядан кейін пациенттер бактерияға қарсы терапиядан өтеді, асқынулар болмаса, 5–7 күннен кейін үйлеріне шығарылады. Бір айдан кейін олар әдеттегі өмірге оралады.
Мұндай операциялар сақтандырылған пациенттер үшін тегін жүргізіледі. Диагноз қойылғаннан және қажетті тексерулерден өткеннен кейін емхана дәрігері жедел ота жасатуға жібереді.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша