Қарағандының шығармашылық жастарын ақындар сайысына қатысуға шақырады

Қарағандының шығармашылық жастарын ақындар сайысына қатысуға шақырады

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Сен деп жырлаймын, Қазақстан!» жас ақындар сайысының басталатыны туралы жариялайды. Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Байқауға Қарағанды жоғары оқу орындарының поэзия клубтары мен әдеби бірлестіктерінің студенттері шақырылады.

Батл төрт турдан құралады:

- I тур – «Тәуелсіздік – жасампаздық көзі» тақырыбындағы импровизация;

- II тур – «Елдің жетістіктері мен табыстары» атты өзі жазған поэтикалық шығармасы (үй тапсырмасы);

- III тур – «Ел Тәуелсіздігінің қалыптасуына үлес қосқан тұлғаларға поэтикалық арнау» тақырыбына өлең шығару;

- IV тур – «Эрудиттер сайысы».

Байқауға қатысушыларды Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды филиалының, Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері мен ЖОО оқытушыларынан құралған құзыретті қазылар алқасы бағалайтын болады.

Командалық өтінімдер 22 қарашадан 5 желтоқсанға дейін мына электрондық поштаға қабылданады: info@karlib.kz.

Поэтикалық шайқас 9 желтоқсанда сағат 15:00-де өтеді.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Ережемен кітапхананың karlib.kz ресми сайтында танысуға болады.

Анықтама телефондары: (8-7212) 56-76-55, +7-747-396-94-48.