
Қарағанды хайуанаттар бағының жануарлар қатары толықты. Жабайы аңдар арасына бір жарым жасар арқарлар қосылды. Бұл Қарағанды құю-машина жасау зауытының сыйы. Кәсіпорын жануарларды сатып алуға демеушілік етті.
Аталық және ұрғашы арқарлар Беларусьте – Могилев зоологиялық бағынан сатып алынды.
– Арқарлар – Сардиния мен Корсиканың биік тауларында тұратын жабайы қошқарлар тұқымы. Біздің бақ қызметкерлері жануарларға Аладдин және Жасмин деп ат қойды. Олардың келуіне орай біз қарағандылықтарды 7 қараша күні сағат 13:00-де өтетін мерекелік іс-шараға шақырамыз, – деді хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекова.
Мерекеде қонақтарды конкурстар мен викториналар күтеді, жас қарағандылықтарды аниматорлар қарсы алады.