Қарағанды облысының жергілікті полиция басшысы жүргізушілерге үндеу жолдады

Қарағанды облысының жергілікті полиция басшысы жүргізушілерге үндеу жолдады

Қарағанды облысында жүргізушілерді көктайғақтан сақ болуға шақырды. Автокөлік иелеріне жергілікті полиция басқармасының бастығы Қуаныш Зарубаев жүгінді.

Ол қар мен көктайғақтың салдарынан облыс орталығы мен қала сыртындағы жолдарда жол-көлік оқиғаларының саны артқанын атап өтті.

– Барлық автокөлік түрлерінің жүргізушілері қашықтықты, жылдамдық режимін және жалпы жол жүру ережелерін сақтауды сұраймыз. Әрине, жол қауіпсіздігі тек көлік жүргізу стиліне ғана емес, сонымен қатар көлік құралының жағдайы мен жарамдылығына да байланысты. Жоғары сапалы қысқы шиналарды пайдалану қажет. Әйнек тазалау құрылғысының және фаралардың жағдайын бақылап, қатпайтын сұйықтықты қолданыңыздар, – деді Қуаныш Зарубаев.

Жүргізушілерге қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде ерекше сақ болу ұсынылады. Жаяу жүргіншілерден өте мұқият болуды және сақтық шараларын сақтауды сұрады.