
6 қарашада «Шалқыма» концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің концерті өтеді. Басталуы 17:00.
Бағдарламада Людвиг ван Бетховеннің «Кориолан» увертюрасы, Вольфганг Амадей Моцарттың №4 D-dur скрипка мен оркестрге арналған концерті, Антонин Дворжактің №8 G-dur ор. 88 симфониясы бар.
Солист – халықаралық байқаулардың лауреаты Индира Нұрлыбай.
Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Пак Юн Хван.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.