Қарағанды ЖОО студенті Республикалық дебат турнирінің үздік төрешісі атанды

Қарағанды ЖОО студенті Республикалық дебат турнирінің үздік төрешісі атанды

Қарағандыда «Тәуелсіздік кубогы» республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Дебаттар ЛД (Линкольн Дуглас) және БПФ (Британдық парламенттік формат) форматында ұйымдастырылды.

Біріншілік үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Семей және Қарағанды облыстарынан 32 команда бақ сынасты. Турнирдің жалпы жүлде қоры 600 мың теңгені құрады.

Пікірсайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Еркебұлан Қуанбай мен Фархат Каналин (Нұр-Сұлтан қаласы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Парасат» пікірсайыс клубы) иеленді. Екінші орында – Еркебұлан Әріпбай (халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы қ.) және Мағжан Советбек (Назарбаев университеті, Нұр-Сұлтан қ.). Үшінші орынды Нұртас Күздеубаев (М. С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің дебат клубының өкілі, Нұр-Сұлтан қ.) және Лаура Жолдасбек (Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Оратор» дебат клубы, Нұр-Сұлтан қ.).

Сонымен қатар турнирдің үздік спикері мен төрешісі үшін жеке марапаттар анықталды. «Үздік төреші» номинациясын Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дебат клубының өкілі Бота Набихан жеңіп алды, ал «Үздік спикер» номинациясында – NOMAD дебат клубы (Назарбаев университеті, Нұр-Сұлтан қ.).